19.01.2023, 11:12 31811
Смайылов "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесін басқарды
Сурет: Primeminister.kz
Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған
Астана. 19 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып ҚР Премьер-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы сайланды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Бұл лауазымды бұрын Джон Дудас атқарған.
Ол Қордың тәуелсіз директоры ретінде директорлар Кеңесінде қалады", - деп қосты баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.05.2025, 16:30 2956
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қазақстан мен Вьетнамды тереңнен тамыр тартатын достық қарым-қатынас байланыстыратын атап өтті. Сонымен қатар 1959 жылы Қазақстанға Вьетнамның тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің келгенін еске салды. Бұл сапар екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын дамытудың берік негізін қалаған еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам шынайы стратегиялық әріптестік орнатқанын айтты.
Сіздің Қазақстанға мемлекеттік сапарыңыздың тарихи маңызы зор. Бұл қазақ-вьетнам қатынасын дамытудың маңызды кезеңі басталғанын көрсетеді. Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық серіктестік орнатуға келістік. Бұл үшін мол перспективаға жол ашатын саяси ерік-жігер мен сауда-экономикалық әлеует жеткілікті. Екі ел арасындағы достықты нығайтуға айрықша үлес қосқаныңызды атап өткім келеді. Осы орайда Сізге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы - І дәрежелі "Достық" орденін табыстауға рұқсат етіңіз. Қазақстан мен Вьетнам ықпалдастығын одан әрі арттыруға қолдау көрсете бересіз деп сенемін", - деді Мемлекет басшысы.
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік наградасын тапсырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақ халқына алғыс айтты.
Бұл - мен үшін өте құнды марапат. Өйткені мұны елдеріміздің ондаған жылдардан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастығы мен тілектестігінің нәтижесі әрі қос халықтың сенімі мен шынайы сүйіспеншілігінің белгісі деп білемін. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, ал қазақ халқының бақ-берекесі арта беруіне тілектеспін", - деді Вьетнам Компартиясы ОК Бас хатшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 15:02 4616
Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті
Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бірқатар әскери қызметшілерге Президент Ақордада мемлекеттік наградалар табыстады. Әскерлерді басқару және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету ісіндегі жетістіктері үшін ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов II дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталды. С. Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі "Айбын" орденіне Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, Б. Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденіне Қорғаныс министрлігінің режимі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әскери полиция жасағының бастығы полковник Талғат Әмірхан ие болды.
28738 әскери бөлімі зеңбірек артиллериялық дивизионының фельдшері аға сержант Руслан Мейірбаев пен 25744 әскери бөлімі танк батальонының танк командирі кіші сержант Шыңғыс Бақыт азаматтық және әскери борышын үлгілі орындағаны үшін "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан көп жылғы қызметі мен елеулі үлесі үшін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары - "Жауынгерлік даңқ" мұражайының бастығы Алуа Байқадамова "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды.
Жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтаған қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов қазақстандықтар биыл атап өтетін екі күннің тарихи маңыздылығына тоқталды.
- Ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі тарихымыздың шежіресіне алтын әріптермен жазылған. Майдангерлердің жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғастырушы - Қарулы күштердің әскери қызметшілеріне де құрмет бөлек. Жеңімпаз ұрпақтың бүгінгі ізбасарлары жанқиярлық қызметімен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жүр, - деді ол.
Кәсіби мерекеге орай 51 әскери қызметші мен азаматтық персонал мемлекеттік наградаға ие болды. Оның ішінде 17 адам орден, 33 адам медаль және бір адам "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды.
61 әскери қызметші ведомстволық наградалармен марапатталды. Оның ішінде 37 - "Ел қорғаны", 15 - "Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі және 9 - "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үздігі" төсбелгісімен атап өтілді.
Отан қорғаушы күніне орай Қарулы күштердегі еңбек сіңірген жылдары үшін 2274 адам "Мінсіз қызметі үшін" және 153 ардагер "Қарулы күштердің ардагері" медалімен марапатталды.
Сонымен қатар Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР Қарулы күштерінің 54 әскери қызметшісіне мерзімінен бұрын кезекті әскери атақтар берілді.
Марапаттау рәсімінен кейін ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерт өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 11:41 6576
Алматы әуежайын дамытуға тағы 362 млн доллар жұмсалады
ҚР Көлік министрлігі, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ, БҚДА мен Алматы қаласы әкімдігі инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға бағытталған негізгі іс-шаралар қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бұл құжат аясында бірінші кезекте әуе айлағы қызметкерлерінің еңбек жағдайын едәуір жақсартуға ерекше назар аударылады. Инвестор бірқатар корпоративтік бастамаларды жүзеге асырады:
- 2025 жылы әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өседі;
- әуежай аумағында әуежай қызметкерлері мен іргелес аудандардың тұрғындары үшін жаңа медициналық орталық ашылады;
- инвестор биыл әуежайда кемінде 600 қосымша жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді;
- әуежай аумағында ACI орталығымен (халықаралық әуежайлар кеңесі) аккредиттелген арнайы оқу орталығы іске қосылады;
- қызметкерлер үшін жеке асхана ашылады.
2025 жылдан 2029 жылға дейін TAV Holding әуежайды дамытуға қосымша 362 миллион доллар инвестиция құяды.
Осы қаражат есебінен ұшу-қону жолағы қайта жаңартылып, жүк тасымалдаумен айналысатын компаниялар үшін жаңа перрон салынады, ішкі рейстер терминалы жөнделеді, қолда бар жүк қоймалары жаңғыртылып, цифрландырылады, сондай-ақ әуежай қонақ үйі салынып, әуежайдың жұмысын жақсарту үшін басқа да іс-шаралар іске асырылады.
Әуежай инфрақұрылымының жаңа инвестициялық жоспарымен қоса, негізгі-жоспардың барлық қосымша мәліметтерін Алматы халықаралық әуежайының алдағы баспасөз конференциясында (2025 жылдың жазы) толығырақ мәлімдейді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы әуежайының жалпы ауданы 53 500 шаршы метр болатын жаңа терминалы өткен 2024 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.05.2025, 09:52 5576
Кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін "қызыл түйме" жүйесі енгізілді
ҚР ҚМ МКК кері байланысты күшейтуде: кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін "қызыл түйме" жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Осы мақсатта барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) "қызыл түйме" орнатылды - QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК Төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады.
Бұл құрал - кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар.
Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады.
Кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз. Сіздің дауысыңыз - тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистің сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.05.2025, 17:40 32391
Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді
Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды QazStat баспасөз қызметінен.
Қазақстан деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) әлемдік рейтингінде 51-ші орыннан 44-ші орынға дейін көтеріліп, өз позициясын жақсартты (2020 жылы - 187 елдің ішінде 54-ші, 2022 жылы - 195 елдің ішінде 51-ші орын).
2024 жылы Қазақстанның жалпы балы 100-ден 72-ні құрады, рейтингте ресми статистиканың негізгі секторлары бойынша деректер ашықтығы мен қамтылу дәрежесі бағаланды. Қазақстан "қамту" индикаторы бойынша ерекше жоғары нәтиже көрсетті, 198 ел арасында 14-ші орын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.05.2025, 17:33 32881
Алматыда жылдар бойы ағаш отырғызылмаған
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жаппай өтемдік ағаш отырғызу талаптарының сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Өтемдік отырғызу нормаларында 2023-2024 жылдарға көзделген 73 мыңнан астам ағаш отырғызылмаған, жасыл желектерді заңсыз кесу жағдайлары анықталды.
Ағашты тиімсіз отырғызуға агротехникалық қателіктер, қолайсыз жағдайлар және тиісті күтімнің болмауы себеп болды.
Бірқатар объектілер бойынша ағаш отырғызу жылдар бойы жүргізілмеген.
Прокуратура шаралары бойынша уәкілетті орган сотқа 64 талап-арыз беріп, оның 55-і қанағаттандырылды.
Вегетациялық маусым басталғанға дейін міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы 49 хабарлама енгізілді.
Прокуратура табиғатты қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын, бақылау мен жауаптылықты күшейту қажеттігіне ерекше көңіл аударады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.05.2025, 17:27 33131
Қазақстандықтар жеңіске баға жетпес үлес қосты - президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сардарлар мен сарбаздарды алдағы Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Сонымен қатар патриотизм мен жауынгерлік рухтың символына айналған мереке күндері елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсету, Отан үшін от кешкен аға буынның рухына тағзым ету, олардың жанқиярлығы мен өшпес ерлігін ұрпақтың жадында жаңғырту дәстүрге айналғанын атап өтті.
Қазақ - болмысынан жаужүрек халық. Батыр бабаларымыз кең-байтақ жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғады. "Ер - елдің айнасы" дейді. Шын мәнінде, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді. Қазақ сарбазы қай кезде де елін қорғай білген. Жерінің шетіне жау тисе, жұдырықтай жұмылып бір тудың астынан табылған. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы осындай сұрапыл соғыс барша елдер үшін үлкен сынақ болғаны сөзсіз. Майданға бір миллион екі жүз мыңнан астам азаматымыз аттанды. Олардың жартысы ұрыс даласынан оралған жоқ. Тыл еңбеккерлері күн-түн демей тер төкті. Осылайша, халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Жеңіс мерекесі ерен ерлікті паш етеді. Сондай-ақ бейбіт өмірдің, бірлік пен ынтымақтың маңызын ұғындырады. Жеңіс күні арқылы ұрпаққа берілетін ең басты тағылым - осы", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның күштік құрылымдарын баһадүр бабалардың лайықты ізбасары деп атады.
Қарулы Күштер еліміздің тәуелсіздігін, тыныштығы мен тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Құқық қорғау органдары заң мен тәртіпті, арнаулы қызметтер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді. Құтқарушылар ел-жұрттың амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүр. Былтыр біз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын алғаш рет дербес орындауға кірістік. Бұл қадам халықаралық қауымдастықтың Қазақстан армиясына сенімі жоғары екенін көрсетеді. Біз - бейбіт мемлекетпіз. Барлық елмен достық қатынас орнаттық. Даулы мәселенің бәрін саяси диалог арқылы шешу керек деп санаймыз. Мен бұл Қазақстанның мызғымас ұстанымы екенін үнемі айтып жүрмін. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Армиямыз кез келген сәтте өз міндетін орындауға сақадай сай тұруға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, мемлекет Қарулы Күштердің әлеуетін нығайтуға айрықша мән беріп отыр.
Әскеріміз ең озық қарумен және техникамен жарақтандырылып жатыр. Қорғаныс өнеркәсібі кешені дамып келеді. Жаңа гарнизондар, әскери қалашықтар мен заставалар салынуда. Сарбаздардың әзірлігі мен жауынгерлік машығы әрдайым шыңдалады. Әскеріміздің арнаулы халықаралық жарыстардан жүлдемен оралуы - олардың дайындығы жоғары екеніне дәлел. Әскерилер, арнаулы және құқық қорғау, азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қамтылған. Оларды мемлекет әрқашан қолдайды. Ел қауіпсіздігі мен шекарасын қас қақпай күзету, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету - жауапты әрі қастерлі міндет. Мұны тек кәсіби деңгейі жоғары, ант пен борышқа адал, ел үшін аянып қалмайтын батыл жандар ғана атқара алады. Сондықтан әскерилер, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлері өскелең ұрпақ пен барша халқымыз үшін Отанға адал қызмет етудің үлгісі болуға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерге, құтқарушылар мен күштік құрылым қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.05.2025, 17:23 33401
Үкімет отырысында химия және мұнай химиясы салаларын дамыту мәселесі қаралды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында химия және мұнай химиясы салаларын дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов мұнай-газ химиясы саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндама жасады.
Премьер-министр салалардың даму көрсеткіштеріне назар аударды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,7%-ға ұлғайса, мұнай-газ химиясында өсім 50%-дан жоғары болды. Химия өнімдерінің экспорты $2 млрд-тан асты, бұл 2023 жылғы деңгейден 13%-ға артық. Биылғы I тоқсанда да оң динамика сақталып отыр. Химия саласы 12,5%-ға өсті.
Олжас Бектенов химия және мұнай химиясы салаларының дамуы еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға тікелей әсер ететінін атап өтті.
Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін химия, мұнай химиясы салаларын дамытудың стратегиялық маңызын атап көрсетті. Химия өнеркәсібі ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, металлургия және құрылыс сияқты басқа да салалардың дамуын қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Премьер-министр.
Бүгінгі таңда елімізде химия және мұнай-газ химиясы секторында 12 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Өндірістер минералды тыңайтқыштар, бейорганикалық және органикалық химиялық заттармен қатарауқымды өнім спектрін шығарады.
Мысалы, Атырау облысында жұмыс істеп тұрған полипропилен зауыты - Орталық Азия өңіріндегі осы бағыттағы ең ірі кәсіпорын және Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің ең ауқымды жобасы. 2024 жылы жобаның II кезеңінің құрылысы басталды. Негізгі міндет - импорттық өнімдерді толық алмастырып, қосылған құны жоғары экспорттың өсуін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар Жамбыл облысында натрий цианиді мен аммоний сульфаты өндірісін кеңейту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, бутадиен, карбамид, полиэтилентерефталат өндірісі бойынша перспективалы жобалар іске асырылуда.
Премьер-министр өңдеу тереңдігін арттыру және жоғары технологиялық өнім түрлерін кеңейту қажеттігін атап өтті.
Аталған жобалардың барлығы қосылған құн тізбегін құруға үлкен үлес қосады. Дегенмен, шикізатты терең өңдеу бағытында саланың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Күрделі өнім шығару көлемі әлі де төмен. Шикізат ресурстары мен мұнай бағасы құбылып тұрған қазіргі жағдайда өңдеу көлемін ұлғайтып, дайын өніммен сыртқы нарықтарға шығу керек. Бұл экономиканың қуатын арттырып, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр күн тәртібіндегі мәселеге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шикізатты қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық жаңа жобаларға жеке инвестиция тарту үшін жағдай жасауы қажет. Бүгінде химия өндірісіне арналған шикізаттың шамамен 45%-ы терең өңделмей, бірден экспортқа шығарылатыны атап өтілді. Мәселен, еліміз жыл сайын 800 мың тоннаға жуық фосфорит шикізатын экспорттайды.
Ұлттық экономика министрлігі Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 шілдесіне дейін Үкіметке химия және мұнай-газ химиясы жобаларын салықтық және кедендік ынталандыру бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар енгізу міндеті қойылды.
Премьер-министр мұнай-газ бизнесі өкілдерімен өткен кеңесте мұнай-газ химиясы саласы туралы жеке заң әзірлеу жөніндегі бастамаға қолдау білдірді. Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Әділет министрліктеріне осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Үкімет Аппаратына тиісті заң жобасын енгізу тапсырылды.
Полипропилен зауытында өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуы және полиэтилен мен бутадиен шығару жобаларын іске асыру кезеңдерінің созылып кетуі алаңдаушылық туғызып отыр. Мұнда мерзімдерді бұлжытпай сақтау, өндірістің тоқтап қалу қаупін азайту және басқарушылық тәртіпті күшейту қажет.
Самұрық-Қазына" қорына осы жылдың 15 маусымына дейін KPI зауытының тоқтап қалу себептерін жоюдың нақты кестесін, сондай-ақ Silleno зауытының аяқталу кезеңдері мен мерзімдерін көрсете отырып, жаңартылған жоспар-кестесін дайындап, ұсыну тапсырылды. Осы жылдың 1 тамызына дейін бутадиен жобасы бойынша түпкілікті шешім қабылдау қажет.
Экология министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрліктерімен бірге биыл осындай кәсіпорындарды түгендеуді аяқтап, оларды жаңғырту мен жасыл технологияларды енгізудің арнайы жоспарын қабылдау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.05.2025, 09:52Кеден қызметтері бойынша мәселелерге жедел әрекет ету үшін "қызыл түйме" жүйесі енгізілді 06.05.2025, 11:41 6106Алматы әуежайын дамытуға тағы 362 млн доллар жұмсалады06.05.2025, 15:02 5616Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті06.05.2025, 16:30 3956Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады06.05.2025, 15:08 2561Қытай, Ресей және Италия Қазақстанның ірі сауда серіктестері болды
30.04.2025, 16:47 130371Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 17:03 129666Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді30.04.2025, 17:09 129646Қазақстанға Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы мемлекеттік сапармен келеді30.04.2025, 14:50 125861Қазіргі құлдық: жәбірленушілердің саны үштен бір есеге өсті30.04.2025, 14:33 123336Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады
30.04.2025, 16:47 130371Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 17:03 129666Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді30.04.2025, 17:09 129646Қазақстанға Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы мемлекеттік сапармен келеді30.04.2025, 14:50 125861Қазіргі құлдық: жәбірленушілердің саны үштен бір есеге өсті11.04.2025, 18:13 123831Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді