12.05.2024, 10:05 68821

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында 6500-ден астам іс-шара өткізілді

Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының бесінші тақырыптық апталығы аясында өңірлерде жағалау аймақтарын абаттандыру және су айдындарының айналасын тазарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.


Мәселен, "Мөлдір бұлақ" апталығының бесінші күні өзен, көлдердің, бұлақтар мен су айдындарының аймақтарын қоқыстан тазарту үшін 101 іс-шара ұйымдастырылды. 139 аумақ тазартылды.

Жетісу облысында 2000 қатысушы 19 өзен маңын және Көксу, Қора, Шажа, Быжы, Қарасу, Қаратал жағалауын тазартып, 31 тоннадан астам қоқыс шығарды.

Алматы облысының және Іле Алатауының інжу-маржаны - Есік көлінің жағасында тазалық шарасы өтті. "Мөлдір бұлақ" апталығының алғашқы күні облыстың барлық аудандарда марафон, конкурс және флешмобтар форматында 50-ден астам сенбілік өтті. Акцияға қатысушылар Ұзынқарғалы, Талғар, Қарқара, Шарын, Қаскелең, Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын тазалады.

Аталмыш жұмыстар Қазақстанның басқа облыстарында жүргізілді. Жалпы, "Таза Қазақстан" аясында 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында өңірлерде 6500-ден астам іс-шара өтті, оған шамамен 1,13 млн адам қатысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны