07.10.2022, 14:42 20191
Тоқаев АӨСШК саммитіне және ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады
АСТАНА. 7 ҚАЗАН - Ақорда келесі аптада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралардың анонсын ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.
12-13 қазанда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.
13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
14 қазанда елордамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және "Орталық Азия – Ресей" саммиті жоспарланған.
15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.05.2025, 18:58 49631
"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті
Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалатыны айтылды.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" Қытайдың жетекші компанияларымен белсенді және табысты жұмыс істеп келеді. Ол қытайлық серіктестерді 29-30 мамыр күндері өтетін Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға шақырды.
Тараптар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жоспарланған сапарын және "С5+Қытай" саммитін талқылады.
Өткен жылы Қытай басшысының Астанаға сапары аясында, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойылды.
Кеңестің кезекті отырысын ШЫҰ аясында Қытайда өткізу жоспарлануда. Бұл кеңес 10 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 18:01 49311
Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Ұлыбритания аграрлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Екі ел ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуда. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 11-отырысына қатысты.
Отырыс барысында тараптар аграрлық саладағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдіріп, бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша тауар айналымы 50 миллион АҚШ долларын құрады. Біз бұл көрсеткішті едәуір арттыруды көздеп отырмыз. Келіссөздер аясында нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді", - деді Ермек Кенжеханұлы.
Кездесу аясында аграрлық ғылым, экспорт және өнімді өңдеу, сондай-ақ озық агротехнологияларды трансферлеу бағыттарын қамтитын ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың жол картасына қол қойылды. Сонымен қатар, су ресурстарын басқару және биопрепараттарды (оның ішінде AstraZeneca фармацевтикалық компаниясының қатысуымен) жергілікті өндіріске енгізу бойынша меморандумдарға да қол қойылды.
Аталған келісімдер ауыл шаруашылығының орнықты дамуына, сондай-ақ саланың климаттық өзгерістерге бейімделу әлеуетін арттыруға бағытталған.
Вице-министр британдық агротехнологияларды енгізу және инвестиция тарту - Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.
Қазақстандық делегацияны отырыста ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алибек Қуантыров басқарды. Іс-шараға екі елдің салалық министрліктерінің, ұлттық компаниялары мен жеке сектор өкілдері қатысты.
Үкіметаралық комиссия Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудың маңызды тетігі болып қала береді. Бұл комиссия қол жеткізілген уағдаластықтардың жүйелі түрде іске асырылуына және стратегиялық әріптестіктің жаңа бағыттарының дамуына ықпал етуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 17:45 49961
Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамыр күні демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және Атырау көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық оқ атылады.
Еске салайық, Астанада 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күнін мерекелеуге арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер, т.б. бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:24 60471
Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті
Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
2020 жылғы 15 мамырдағы "Todini Impregilo Kazakhdorstroy" бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі - Талапкер) шеңберінде жұмыс істейтін Todini Costruzioni Generali S.p.A., WeBuild S.p.A. және "Казахдорстрой" ЖШС компанияларынан тұратын бірлескен кәсіпорын Халықаралық сауда палатасы (ICC) жанындағы Халықаралық төрелік сотқа Қазақстан Республикасында Алматы - Хоргос автожолын салу жобасы бойынша дауларға байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (бұдан әрі - Комитет) қарсы төрелік туралы өтініш берді.
Істі қарау шеңберінде Талапкер Комитетке құрылыс мерзімдерін ұзартуға, кедендік баждар мен салықтарды төлеуге, теңгенің инфляциясына, құнының өзгеруіне, су өткізгіш трубаларды қайта толтыруға, жол пайдалану пунктінің құрылысын тоқтатуға және қаржылық шығындарға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жалпы сомасы шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде шағым түсірді.
2025 жылғы 14 сәуірде Париждегі ICC Халықаралық төрелік сотында құрылған Трибунал Комитеттің пайдасына түпкілікті шешім шығарды. Талапкерлердің барлық талаптары толығымен қабылданбады.
Сонымен қатар, Трибунал Комитеттің қарсы талабын қанағаттандырып, Талапкерлерге жұмыс мерзімін ұзартқаны үшін өтемақы ретінде бұрын төленген соманы қайтаруға міндеттеді. Сондай-ақ, Трибунал Комитет жеңіске жеткен тарап ретінде өзінін сот және төрелік шығындарын толық өтеуге құқылы екенін мойындады.
Осы істі Комитеттің өкілдігі мен мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP халықаралық заң фирмасы тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 14:09 61326
Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі - ҚҰБ) 2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады. Банкноталардың таралымы 5 миллион данамен шектелген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
9 мамыр - бүкіл әлем үшін айтулы күн. Қазақстан Жеңіске қомақты үлес қосты. Республикадан 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл сол кездегі жалпы халықтың шамамен - 20%-ы. Отандастарымыз жаяу әскерде, танк бөлімшелерінде, авиация мен флотта ерлікпен шайқасты. Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық Банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр.
Мерейтойлық банкнотаның дизайны туралы
Банкноталардың түсі - қоңыр-сарғылт.
Алдыңғы бетінде:
- Даңқ мемориалы бейнеленген, Отан үшін жан қиған батырларға көрсетілген құрмет белгісі - 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан.
- Микро-оптикалық қорғаныс жолағы. Банкнота бұрышын өзгерткен кезде жолақта тереңдіктің, көлемнің және жылтырдың үш өлшемді әсері, сондай-ақ мәңгілік алау мен ұшып бара жатқан тырналар көрінеді. Тырналар силуэті - жақсылық пен үміттің бейнесі - өмірді суреттейді.
Екінші бетінде:
- тарихи мұрағаттық фотосуреттердің үзінділерімен Қазақстан картасы бейнеленген. Суреттерді www.kfdz.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап комитетінің "Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары архиві" РММ ұсынды.
- ерлік, табандылық пен батырлықтың символы ретінде Отан соғысы ордені бейнеленген.
Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 13:41 50191
ҰОС ардагерлеріне Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмек түрінде 545 млн теңге төленді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Биыл Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне 109 ардагерге жалпы сомасы 545 млн теңгеге біржолғы материалдық көмек төленді. ҰОС-да Жеңіске үлес қосқан өзге де санаттардағы азаматтарға да 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Вице-министр биылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) 105 ардагері, сондай-ақ ҰОС Жеңісіне үлес қосқан 40 707 азамат тұратынын айтты. Олардың ішінде: Қоршаудағы Ленинград тұрғындары - 64 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары - 129 адам; ҰОС кезінде алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары - 1 638 адам; ҰОС-да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері - 2 адам; тыл еңбеккерлері - 38 874 адам.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан барлық ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Өз елінің тарихын білу және құрметтеу, сондай-ақ келешек ұрпақтың жарқын болашағы үшін Жеңісті жақындата отырып, майданда соғысқан және тылда еңбек еткен ардагерлеріміздің жасаған ерліктерін ұмытпау әр адамның міндеті.
80 жыл бойы ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылуда", - деді Олжас Анафин.
Жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғаяды. Азаматтардың 19 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері 271 802 теңгені, ал ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері алатын орташа жиынтық мөлшері 179 800 теңгені құрайды.
Қазіргі кезде әскери қызметшілер пайдаланатын құқықтар мен кепілдіктердің барлығы ардагерлеріміз үшін де жарамды. Салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдаланады, оларға Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.
Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бюджеттік және тартылған (демеушілік) қаражат есебінен ардагерлерге мерекелік (атаулы) күндерге, тұрғын үйге жөндеу жүргізу, отынмен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және қоғамдық көлікте жол жүру бойынша жеңілдіктерді және т.б. көмек түрлерін көрсетеді.
Бұдан басқа, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет мүмкіндіктеріне қарай әр өңірде жеке белгіленетін біржолғы материалдық көмек беру жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне бүкіл ел бойынша жергілікті атқарушы органдар ҰОС ардагерлеріне бірыңғай мөлшерде - 5 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті", - деді Олжас Анафин.
ҰОС Жеңісіне үлес қосқан азаматтардың өзге де санаттарына 9 мамырға дейін келесідей мөлшерде біржолғы материалдық көмек көрсетілді:
- Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - 60-тан 200 мың теңгеге дейін (64 адам);
- концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына - 98-ден 200 мың теңгеге дейін (129 адам);
- мүгедектігі бар қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жұбайларына - 50-ден 150 мың теңгеге дейін (1638 адам);
- ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлеріне - 50 мың теңге (2 адам);
- тыл еңбеккерлеріне - 50-ден 200 мың теңгеге дейін (38 874 адам).
Сонымен бірге жергілікті бюджет қаражаты есебінен биыл әлеуметтік көмектің басқа да түрлері ұсынылатын болады, оның ішінде:
- коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді өтеуге (2,6 млрд теңгеге 193 749 адам);
- тұрғын үйді жөндеуге көмек (21,5 млн теңгеге 61 адам);
- отын сатып алу үшін (14,5 млн теңгеге 342 адам);
- қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдіктері (4,1 млрд теңгеге 209 837 адам);
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша (48,5 млн теңгеге 2 856 адам);
- тіс протездеуге (441,9 млн теңгеге 3 456 адам);
- азық-түлік жиынтығы (103,9 млн теңгеге 9 551 адам).
ҰОС ардагерлеріне және Ұлы Жеңіске үлес қосқан басқа да санаттарға жататын азаматтарға Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 11:47 61776
Президент "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.05.2025, 09:44 62006
Үкімет "Бәйтерек" холдингін капиталдандыруды 1 трлн теңгеге ұлғайтуда: Қазақстанда қандай жобалар іске асырылуда
Кәсіпкерлікті қолдау, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін "Бәйтерек" холдингі 8 трлн теңге бөледі. Ол биыл елімізде ЖІӨ-нің нақты өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қазақстан экономикасының өсуін қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында "Бәйтерек" холдингінің негізгі экономикалық көрсеткіштері мен инвестициялық жобалары қаралды.
Үкімет экономиканың нақты секторын қарқынды дамыту мақсатында "Бәйтерек" холдингін капиталдандыруды 1 трлн теңгеге ұлғайтып отыр. Бұл холдингке кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға шамамен 8 трлн теңге бөлуге мүмкіндік береді. Штаб отырысында холдинг төрағасының орынбасары Жандос Шайхы бірінші тоқсанда 1,2 трлн теңге игерілгенін айтты. Ал жоспар бойынша 1 трлн теңге болатын. Бұдан басқа, биыл "Бәйтерек" арқылы іске қосылатын жобалардың жалпы қосылған құнының көлемі 521,5 млрд теңге.
Жобалардың ең үлкен инвестициялық пулы Қазақстанның даму банкінде шоғырланған. Биыл 2,2 трлн теңгеге 66 жоба жүзеге асырылады. Инвестиция салынған негізгі салалар - көлік, логистика және байланыс (34%), металлургия (19%), химия өнеркәсібі (12%). Жобалардың барлығына қаржы бөлінген соң, ел экономикасына жаңа өндіріс, тауар мен қызмет түрінде 37,8 трлн теңге мөлшерінде салым түсіріледі. Негізгі капиталға салынған инвестиция биыл 1,6 трлн теңге. 2025 жылы қаржы бөлу жоспарланған ҚДБ-ның басты инвестициялық жобаларының қатарында Жамбыл облысындағы натрий цианидін өндіру зауыты, Түркістан облысындағы күкірт қышқылы зауыты, Қостанай облысындағы ыстық брикеттелген темір өндіру жөніндегі ірі қазақстандық кәсіпорын және басқалар бар.
Осы жылы 1,5 трлн теңгенің 181 инвестициялық жобасы өнеркәсіпті дамыту қорында (ӨДҚ) қалыптастырылды. Негізгі салалар - инфрақұрылымды дамыту (27%), металлургия (21%) және химия өнеркәсібі (13%). ӨДҚ-ның барлық жобаларын қаржыландырудың қорытындысында жалпы қосылған құн көлемі - 19,4 трлн теңге. Негізгі капиталға салынған инвестиция биыл 1,44 трлн теңге болды. 2025 жылы қаржыландыру жоспарланған ӨДҚ басты инвестициялық жобаларының қатарына "Глобал Транс компания" ЖШС шекаралық темір жол өткелін салу, "ЕЭК" АҚ энергоблогын қайта жаңарту, "Qarmet" АҚ өндірісін жаңғырту, "Rail Way Steel" ЖШС электрометаллургиялық зауытын салу кіреді.
Qazaqstan Investment Corporation 2025 жылы қаржыландыруы 2,8 трлн теңге деңгейінде болуы тиіс ЖҚҚ-мен 10 инвестициялық жобаға шамамен 500 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция - 200 млрд теңге. Осы жылға арналған QIC негізгі 5 инвестициялық жобасы - Қарағанды облысында металлургиялық кластерді дамыту, "АралСода" ЖШС-нің кальциленген содасын және "Batys Bitum" ЖШС-нің битумын, "Ақтау энергетикалық компаниясы" ЖШС-нің бу-газ электр стансасын өндіру зауытын салу.
Даму" қоры 2025 жылы шағын және орта бизнеске жеңілдікпен несие беру көлемін 750 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3 еседей артық. 2025 жылғы 1 тоқсанда 755 кәсіпкерге 53 млрд теңге берілді. Қарыздарға кепілдік беру көлемі 1400 млрд теңгеге дейін артты. І тоқсанда 160 млрд теңге сомасына кепілдіктер берілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауда 2025 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Аграрлық несие корпорациясы 5,8 млн гектар егіс алқабын қамти отырып, көктемгі егіс жұмысына қаржы берудің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша 363 млрд теңгеге 6 мыңға жуық фермердің өтінімін қанағаттандырды.
Штаб отырысының қорытындысында вице-премьер қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша инвестициялық жобалардың қымбат импортты алмастыруға және сол арқылы инфляцияны тежеуге мүмкіндік беретін ішкі нарықта сұранысқа ие тауарлар өндірісінің жеткіліксіз ұсынылғанын атап өтті.
Біз экономиканың нақты секторын қолдау бағдарламасына бастамашылық жасаған кезде, ірі жобалармен қатар Ұлттық экономика министрлігінен тұрмыстық химия, гигиена, ірімшіктер, консервілер, шұжықтар және тұрғындарымыз арасында сұранысқа ие басқа да өнімдер өндірісін жолға қою жобалары бойынша инвестицияларға тапсырыс жарияладық. Құс өндіру бойынша жақсы ілгерілеу бар екенін көріп отырмыз. Жыл соңына дейін тұтыну деңгейі толық қамтамасыз етілуі тиіс. Бірақ импорт көбірек сақталып отырған басқа салаларда да өндірушілерді іздеп, осы жобаларға көмек көрсету қажет", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.05.2025, 17:33Алматыда жылдар бойы ағаш отырғызылмаған 05.05.2025, 17:40 83501Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді05.05.2025, 17:23 83471Үкімет отырысында химия және мұнай химиясы салаларын дамыту мәселесі қаралды05.05.2025, 17:27 83441Қазақстандықтар жеңіске баға жетпес үлес қосты - президент06.05.2025, 11:41 66771Алматы әуежайын дамытуға тағы 362 млн доллар жұмсалады
18.04.2025, 07:08 1473162025 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында "Almaty Theatre" концерт залында "Көкіл" мектебінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті18.04.2025, 12:56 144916Алматыда "Ялян", "Алатау", "Сәлем" және "Байсат" базарларында 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды17.04.2025, 13:37 140371Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіледі30.04.2025, 16:47 132761Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 17:03 132036Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді