12.01.2022, 15:15 11301
Тоқаев Алматыға келді
Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Қаладағы жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар тапсырды",- деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.04.2025, 15:14 19451
2025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
2025 жылы 3 203 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 151 мыңнан астам этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,1%) Қытайдан, 39,5% - Өзбекстаннан, 5,8% - Түрікменстаннан, 2,5% - Монғолиядан, 1,9% - Ресейден және 2,2% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,1%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9%-ы жоғары білімді, 27,8%-ы орта кәсіби білімді, 52,9%-ы жалпы орта білімді, және 1,4% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 642 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге - бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (59-ден 118 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 147 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 94 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 14:56 20201
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын!
Бұл - бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты.
Ассамблея тарихы еліміздің егемендік жылнамасымен тығыз астасып жатыр. Ұйым 1995 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын білесіздер. Бұл бастама қазақ мемлекеттілігі қалыптасып жатқан қиын кезеңде терең саяси мәнге ие болды. Консультативтік-кеңестік орган ретінде жасақталған Ассамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебе берілді. Ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналды.
Елімізде соңғы жылдары атқарылған ауқымды өзгерістердің арқасында Ассамблея қызметі жасампаздықтың жаңа сипатына көтерілді. Сенаттың бес депутатын Ассамблея кеңесінің ұсынысымен Президент тағайындайды. Бұл қадам заңнамалық деңгейде барлық этностың мүддесін қорғау мүмкіндігін едәуір арттырды.
Оған қоса, Қазақстан парламентаризмі тарихында алғаш рет "Бір ел - бір мүдде" атты палатааралық депутаттар тобы құрылды. Бұл топ қоғамдық келісімді нығайту мәселелерімен айналысады. Қазір мемлекеттік органдар түгел Ассамблея жұмысына атсалысады. Министрліктерден, облыс әкімдіктері мен барлық деңгейдегі мәслихаттардан бастап ауыл әкімдіктеріне дейін одан шет қалмайды", деп мәлім етті мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 12:43 20491
Біз Қазақстандағы этносаралық келісімді бұзуға бағытталған кез келген арандатушылықтың жолын кесетін боламыз - Тоқаев
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде Елімізде Қазақстандағы этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіруге бағытталған кез келген арандатушылықтар мен инсинуациялардың жолын кесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Күріш пен күрмекті, конструктивті сын мен дәлелсіз мін тағуды, көңілге тимейтін пародия мен жиіркенішті қорлауды айыра білу маңызды. Заң алдында бәрі тең. Сол себепті біз еліміздегі этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатудың жолын кесіп келеміз, бұдан әрі де қатаң тосқауыл қоямыз. Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайды. Бұл Қазақстаннан көшіп кетіп, шетелде жүріп халқымызға шабуыл жасайтын, тіпті, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтарымыздың әрекеті. Олар шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр. Бүгінде мұны бәрі біледі. Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды. Еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократия мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайды. Оны нақты түсінген жөн", деп атап өтті мемлекет басшысы.
Жақында шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттері әшкереленді. Сонда олардың арам ниеті, ашкөздігі мен Қазақстанға жаны ашымайтыны анық көрінді. Сондай-ақ кейбір танымал қазақстандық грант алушылардың көлеңкелі әрекеттері де белгілі болды. Қазақстанда проблема жоқ демейміз. Әрине, басқа елдердегідей бізде де түйткілдер бар. Бірақ біз оны әлдекімдердің әдістемесімен емес, өзіміздің ұлттық мүддеміз бен заңнама аясында шешеміз. Осындай қисынды әрекеттерімізді халқымыздың басым көпшілігі мен ниеті адал халықаралық серіктестеріміз дұрыс түсінетініне сенімдімін. Идеологиялық өшпенділік - біздің дүниетанымымызға мүлде жат. Дәстүріміз бен құндылықтарымыз, болмысымыз бен өмір салтымыз ұлтымызды біртұтас тарихи-мәдени және саяси қауым ретінде біріктіріп, тұтастығын бекемдейді", деп мәлім етті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 10:24 21126
Астана тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды.
Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды.
Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді.
Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2025, 09:02 21866
Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделеді
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "AMANAT" партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Ведомство басшысы онлайн форматта қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Түркістан облысы Отырар ауданының тұрғындары Д. Алтынбеков атындағы каналды бетондау жұмыстары мен жергілікті "Қазсушар" өндірістік учаскесіне қосымша техника бөлу мәселесін көтерді. Нұржан Нұржігітов күзде Ислам даму банкінің қолдауымен арнаны және өңірдегі басқа да су шаруашылығы объектілерін қайта жаңарту басталатынын айтты.
Түркістан облысында жалпы саны 100-ден астам арнаны жөндеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар "Қазсушар" кәсіпорнын жаңа техникамен жарақтандыру мәселесі де шешіліп жатыр. Жалпы алғанда 757 техника сатып алынады, қазірдің өзінде оның 300-ден астамы алынды. "Қазсушардың" Түркістан облыстық филиалы 135 техника алады",- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Алматы облысы Үңгіртас ауылдық округінің диқандары жергілікті су қоймаларынан ауыл шаруашылығы алқаптарына су жеткізетін ирригациялық арналарды тазалау және жөндеу мәселесі бойынша жүгінді. Нұржан Нұржігітов ведомство Алматы облысы Су ресурстары және ирригация басқармасының "Алматыоблсушар"кәсіпорнымен бірлесіп осы мәселені шешу жолдарын қарастыратынын мәлімдеді.
Сондай-ақ Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғындары сыйымдылығы 1,2 млн текше метр болатын "Үлкен Ақсу" су қоймасын күрделі жөндеуге қатысты өтініш білдірді. Министр Ислам даму банкінің көмегімен ауданның су шаруашылығы құрылыстарына жөндеу жүргізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындады. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы басталады деп күтіліп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 18:52 43281
Тоқаев Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 18:40 43556
Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ - СІМ
Түркияда жер сілкінісінен кейін қазақстандықтардан өтініштер түскен жоқ, деп хабарлайды ҚР СІІ баспасөз қызметінен.
Түркия билігінің ақпараты бойынша 2025 жылғы 23 сәуірде Ыстанбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі орын алып, артынан афтершоктар жалғасуда.
Қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда.
Ыстанбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.
Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.04.2025, 18:06 42056
Қазақстанның ҰОК-де кадрлық өзгерістер орын алды
23 сәуірде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) Бас ассамблеясында Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы бекітілді. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның жарғысына енгізілген өзгерістер талқыланып, жаңа мүшелер қабылданды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.
Геннадий Головкин Бас ассамблея қатысушыларына алғыс білдіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыру жолындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Бірқатар спорт ұйымдары басшылығындағы өзгерістер мен кадрлық ауыс-түйістерге байланысты Атқарушы комитетінің құрамын қайта қарап, жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл қадам комитеттің тиімділігі мен белсенділігін арттыру мақсатында жасалды.
Бас ассамблея қорытындысы бойынша Атқарушы комитетінің жаңартылған құрамы төмендегідей:
Вице-президенттер:
Серік Жарасбаев - өңірлермен жұмыс жөніндегі вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі;
Шахмұрат Мұтәліп - халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент, Қазақстан бокс федерациясының президенті;
Данияр Абулгазин - жазғы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті;
Сәкен Мұсайбеков - қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры;
Гаджи Гаджиев - жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.04.2025, 09:02Түркістан облысында 100-ден астам суару каналы жөнделеді 24.04.2025, 10:24 20046Астана тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды24.04.2025, 12:43 19411Біз Қазақстандағы этносаралық келісімді бұзуға бағытталған кез келген арандатушылықтың жолын кесетін боламыз - Тоқаев24.04.2025, 14:56 19121Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде24.04.2025, 15:14 183712025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
18.04.2025, 17:23 111871Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды18.04.2025, 17:18 105461"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі18.04.2025, 17:14 Қазақстан президенті Маңғыстау облысында су тапшылығын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды95736Қазақстан президенті Маңғыстау облысында су тапшылығын төмендету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды18.04.2025, 16:58 90146Air Astana рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды18.04.2025, 17:11 90146Тоқаев Кендірлі курорттық аймағында салынатын әуежай құрылысын жеделдетуді тапсырды
18.04.2025, 17:23 111871Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды03.04.2025, 16:52 111406Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты10.04.2025, 15:14 109361Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі26.03.2025, 19:00 105906Астанада санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде18.04.2025, 17:18 105461"Алматы жастары": жеңілдетілген ипотека жас мамандарға тұрғын үй туралы арманын жүзеге асыруға қалай көмектеседі