08.02.2022, 18:29 24976

Тоқаев Алматы басшылығына "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды

Тоқаев Алматы басшылығына "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы басшылығына сауда саласында, атап айтқанда, "Алтын Орда" нарығында тәртіп орнатуды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді-мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне "Алтын орда" базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарды тексеруді және тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналған. Бұған Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде анық көз жеткіздік", – деді Президент.

 
Оның айтуынша, бұл – басқа өңірлерге де қатысты мәселе. Қажет болса, Президент бұл жұмысқа құқық қорғау органдарын тартуды тапсырды. Мәселені шешуге Мемлекет басшысы 2 ай уақыт берді.
 
Бүгін отырыста Президент Үкімет алдына басқа да бірқатар міндеттер қойды. 
 
Атап айтқанда, Тоқаев жер учаскелерінің шекті мөлшерін бекітуді, шетелге заңсыз әкетілген қаражатты қайтару бойынша ұсыныстар беруді, барлық майнингтік фермаларды анықтауды және т.б. тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны