25.02.2021, 23:11 20468
Тоқаев ауыл шаруашылығы жерлерді шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салуды тапсырды
Жер мәселесі әрқашан біздің халқымыз үшін өте маңызды болды. Бұл біздің мемлекеттілігіміздің берік іргетасы және қасиетті рәмізі. Қазақ жерінің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы бұған дейін де бірнеше мәрте мәлімдегем. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты. Мен мұны Президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент Әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек", - деді Мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.07.2025, 18:38 24731
Ермек Көшербаев Қапшағай жағажайларында бағаның жоғары болу себебін анықтауды тапсырды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет елдің туристік аймақтарын тиісті жағдайға келтіру жөнінде шұғыл шаралар қабылдауда. Мемлекет басшысы танымал демалыс орындарында сервис сапасының төмендігіне, инфрақұрылымдардың дайындығының нашарлығына және санитарлық проблемаларға жол бермеуді ерекше атап өтті.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасын орындау үшін Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев туристік басым бағыттардың жай-күйін бағалау үшін өңірлерге жұмыс сапарларын бастады. Бірінші нысан Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы болды.
Қапшағай су қоймасы - ішкі туризмнің ең көп адам жиналатын бағыттарының бірі. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында оның жағалауына 860 мыңнан астам адам келді. Өңірде 140 туристік нысан, оның ішінде 8 коммуналдық жағажай бар.
Сапар барысында Ермек Көшербаев қонақтарды орналастыру объектілерінің, жағажай және жол инфрақұрылымының жай-күйімен, аумақты санитарлық күтіп ұстаумен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шұғыл қызметтердің дайындығымен танысты. Вице-премьер аймақ әкімдігіне биылғы күзге дейін солтүстік жағажайға баратын жолдың жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бизнес өкілдері мен өңір тұрғындары туристік аймақтың проблемалық мәселелерін айтты. Инфрақұрылымдық шектеулерге ерекше назар аударылды. Мәселен, кәсіпкерлер қосалқы электр стансаларының жетіспеушілігін, орталықтандырылған кәріз жүйесінің жоқтығын және инженерлік желілердің шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Қаншама инвестиция салынып жатқанына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүйелі шешім болмаса туристік аймақтың тұрақты дамуы мүмкін емес. Мәселен, жағажайларда 280 дәретхана бар, олардың санитарлық-гигиеналық қызметі үнемі бақылауды және нақты үйлестіруді қажет етеді.
Басымдықтардың қатарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға дайындық қарастырылып отыр. Премьер-министрдің орынбасары Төтенше жағдайлар министрлігіне жағажайлардағы барлық құтқару кабиналарын талаптарға сай етуді және профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жұмыс сапары аясында инженерлік жүйелер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің демалушылардың жаппай ағынына дайындығы, әсіресе 15 мың адамға дейін қатысатын іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды.
Сапар барысында туристік аумақтарды аймақтарға бөлу бойынша пилоттық жоба ұсынылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің айтуынша, мұндай жүйе жағалауды функционалды аймақтарға, яғни рекреациялық, табиғатты қорғау, инфрақұрылымдық және өзге де учаскелерге бөлуді қарастырады. Бұл аумақтың дамуын тиімдірек басқаруға, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және демалушылар мен инвесторлар үшін жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар баға тақырыбы да көтерілді. Барлық жағдай жасалып жатқанына қарамастан, бірқатар нысандардағы қызметтердің құны жоғары болып отыр. Сол себепті бағаның өсу себептеріне, әсіресе коммуналдық жағажайлардың бағасына талдау жүргізу тапсырылды, ол жерлердегі қызметтер халық үшін барынша қолжетімді болуы тиіс.
Экологиялық мәселелер де сөз болды. Мәселен, Балқаш көліндегі судың деңгейі тұрақты болса, Алакөлде ол жағалаудан алыстап немесе жақындап жиі өзгереді. Бұл жағалау сызығының ауытқуына және инфрақұрылымдардың орын алмастыруға мәжбүр етеді. Ермек Көшербаев жаңа объектілерді салу кезінде табиғи факторларды есепке алып, ғылыми және инженерлік сүйемелдеу қажеттігін атап өтті.
Коммуналдық жағажайлар тазалық пен қызмет көрсету сапасы бойынша стандарттарды ұстануы керек. Жайма базар, "көлеңкеде" жұмыс істеуге жол беруге болмайды. Түбіртектер, терминалдар, салықтық тіркеу болуы керек. Адамдарды бала кезінен бастап тәртіп пен заңға үйрету қажет. Билік тарапынан ағымдағы мәселелерді жою ғана емес, жүйелі түрде тәртіп орнату және азаматтардың күткеніне сай жағдай жасау маңызды. Туризм - бұл елдің бет-бейнесі. Алакөл, Қапшағай, Балқаш сияқты табиғи аймақтарды салу кезінде жағалау сызығының өзгергіштігін ескеру, күзет аймақтарын салу, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Мұның барлығына жергілікті атқарушы органдар жауапты", - деп атап өтті вице-премьер.
Жұмыс сапары жалғасуда. Барлық туристік нысандарды аралау аяқталғаннан кейін өңір әкімдерінің және уәкілетті мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиын өтеді. Онда анықталған кемшіліктерді жою барысына баға беріледі және одан арғы шаралар айқындалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 17:35 24956
Атырауда 12 мыңға жуық экологиялық құқық бұзушылық анықталды
Атырауда "Таза Қазақстан" акциясы аясында 12 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде экологиялық мәдениетті арттыру және азаматтарды табиғатты қорғауға ынталандыру мақсатында "Таза Қазақстан" ұлттық экологиялық акциясы жүзеге асырылып келеді.
Аталған акция 2024 жылғы 15 сәуірден бастап Атырау қаласы аумағында да кең көлемде қолға алынған. Сол уақыттан бері, яғни 2025 жылдың шілде айына дейін қалада санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында ауқымды шаралар жүргізілуде. Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері осы кезең аралығында 11 933 құқық бұзушылықты анықтады.
Аталған деректер абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл желектерді жою немесе бүлдіру, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау сынды әрекеттермен байланысты. Атап айтқанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 3 205 құқық бұзушылық тіркеліп, оның ішінде 2 953 тұлғаға ескерту жасалды.
Сонымен қатар ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 8 728 құқық бұзушылық дерегі анықталып, 7 688 азаматқа жауапкершілік жүктелді. Экологиялық тәртіпті сақтау - әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы ретте Атырау қаласының полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен еріктілермен бірлесе отырып, қоғамдық орындар мен саябақтарды, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын, өзен жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастырды.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, экологиялық ахуалға бейжай қарамай, табиғатты аялау - әрбір азаматтың, әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. Жыл сайынғы экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысып келеміз. Бұл - ұжымдық рухты нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болатын игі дәстүр деп есептеймін. Меніңше, бұл бастама - күнделікті өмірде экологиялық жауапкершілікті арттырып, табиғатты қорғауға бағытталған маңызды ұлттық бастама, - деді Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының орынбасары Айбол Ідрісов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 17:31 25156
Алматыдағы № 1 балалар үйінің қатысты жанжал: көптеген наразылыққа қарамастан билік тәрбиеленушілерді Қонаевқа көшіру туралы шешім қабылдады
Алматы облысы білім басқармасы Алматы қаласындағы "Арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау өңірлік орталығы" КММ ғимаратының апатты жағдайына байланысты тәрбиеленушілерді Қонаев қаласындағы жаңа заманауи Балалар үйіне көшіру туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
1963 жылы салынған бұл ғимарат қазіргі таңда әрі қарай пайдалануға жарамсыз деп танылды. 2024 жылы "Астанақұрылыссервис" ЖШС жүргізген техникалық зерттеу нәтижесінде тірек конструкциялардан жарықтар анықталып, инженерлік жүйелер - жылу және сумен жабдықтау желілері - толық тозғаны және қалпына келтіруге келмейтіні белгілі болды. Нысан санитариялық, өртке қарсы және құрылыс нормаларына сәйкес келмейді.
Алматы қаласындағы Балалар үйі қазіргі заман талабына сай емес: бір бөлме бір уақытта асхана, акт залы және спортзал ретінде пайдаланылған. Бұл санитарлық және педагогикалық талаптарға қайшы келіп, балалардың толыққанды дамуына шектеу қояды.
Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратта функционалды аймақтарға бөлу қарастырылған: кіші және ересек топтар үшін бөлек асханалар, жеке спортзал мен акт залы, кең ойын, қоғамдық және демалыс аймақтары бар. Мекеме санитариялық, құрылыс және білім беру стандарттарына сәйкес салынған. Бұл балаларға қауіпсіз, жайлы өмір сүру, сапалы білім алу және жан-жақты дамуға мүмкіндік береді.
2025 жылғы 9 шілдедегі Алматы облысы әкімінің №207 қаулысы және 2025 жылғы 10 шілдедегі білім басқармасының №494-н бұйрығына сәйкес тәрбиеленушілерді кезең-кезеңімен 180 орындық жаңа Балалар үйіне көшіру жұмыстары басталды. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынып, мемлекет меншігіне сыйға берілген. Ғимарат балалар мекемелеріне қойылатын барлық қазіргі талаптарға толық сай келеді.
Бірінші кезекте 1-4 сыныпта оқитын 44 бала көшіріледі. Жоғары сынып тәрбиеленушілерін көшіру білім беру үдерісінің тұрақтылығы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Қазіргі таңда мекемеде 171 бала тәрбиеленіп жатыр, оның ішінде 125-і - жетім балалар, 46-сы - өмірлік қиын жағдайға тап болғандар. Мекемеде 85 қызметкер жұмыс істейді, оның 42-сі - педагогтер.
Әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпараттарға байланысты білім басқармасы келесі түсініктемені береді:
• Барлық тәрбиеленушілер, тұрғылықты мекенжайына қарамастан, тегін медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі және белгіленген тәртіппен тұрғын үй алу кезегіне қойыла алады;
• Мекеме орналасқан жердің батпақ екені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды;
• Көшіру балалардың құқықтарын шектемейді және олардың өмір сүру жағдайларын нашарлатпайды.
Қонаев қаласындағы жаңа мекемеге көшіру балалардың қауіпсіздігін, сапалы білім мен медициналық қызметке қол жеткізуін, сондай-ақ қолайлы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 12:08 35681
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин мырзамен кездесті. Басқосу барысында өзекті мәселелер мен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіітепі талқыланды. Сонымен қатар кездесуге ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй де қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Дархан Сатыбалды Алматы мен Қытай арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтудың маңызын атап, әсіресе сауда, өнеркәсіп және инвестиция сынды басым салалардағы серіктестікке тоқталды.
Достық қарым-қатынасымыздың арқасында Алматы мен Қытай арасындағы тауар айналымы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде сақталып келеді. Қытайдың үлесіне Алматының жалпы сыртқы сауда айналымының 32,9%-ы тиесілі. Биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында қала мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 3,4 млрд АҚШ долларынан асты", - деді әкім.
Кездесуде өнеркәсіптік кооперация жайына де ерекше назар аударылды. Қала басшысы Алматыда автомобиль кластерін құру бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, оның мегаполистің индустриялық өсімінің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып келе жатқанын айтты.
Бүгінде Алматының Индустриялық аймағында қытайлық серіктестердің қатысуымен ауқымды жоба жүзеге асырылып отыр. Changan, Chery және Haval маркаларындағы көпбрендті автозауыт іске қосылмақ. Кәсіпорын жылына 90 мың жеңіл автокөлік шығара алады. 2028 жылға қарай өндіріс көлемін жылына 220 мың автокөлікке дейін ұлғайту жоспарланып отыр", - деді шаһар басшысы.
Сонымен қатар әкім туристік және көлік байланыстарын кеңейтудің маңызды екенін атап өтті. Қазіргі таңда Алматы Бейжің, Үрімжі, Сиань, Ханчжоу, Санья, Гуанчжоу және Инин секілді Қытайдың ірі қалаларымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. Жуырда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай - Алматы бағытындағы жаңа рейсі ашылды.
Өз кезегінде Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин мырза екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін білдіріп, Алматы мен Қытай қалалары арасындағы серіктестіктің жоғары әлеуетін атап өтті.
Мемлекеттеріміздің көшбасшыларының стратегиялық басшылығы аясында іскерлік ынтымақтастық тұрақты оң қарқын көрсетіп отыр. Былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымы 43,8 миллиард АҚШ долларына жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,8% артты. Жалпы алғанда, біз Қазақстанмен сауда, инвестиция, туризм, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайынбыз", - деді Елші.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық және гуманитарлық байланысты одан әрі дамытуға бағытталған ортақ бастамаларды іске асыруға өзара дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 11:59 36171
Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 09:44 36546
Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді
Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру 2024 жылы басталды.
Бүгінде жоба аясында екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылды. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына 530 мм-ден 1020 мм-ге дейінгі диаметрлі көбікті полиуретан оқшаулағышпен жабдықталған заманауи құбырлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ 2024-2025 жылғы жылыту маусымында анықталған 375 ақау толығымен жөнделді.
Ақтау қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы 562 шақырым. Тозу деңгейі - 79%. Аталған жоба іске асырылғаннан кейін желілердің тозу деңгейі 75%-ға дейін қысқарады. Бұл тұрғындарды жылыту маусымында үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, ыстық су жеткізу өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта "Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында 2025-2029 жылдарға арналған қаржыландыру көлемін айқындай отырып, 2029 жылға дейін 175 шақырым жылу желілері мен жылумен жабдықтау көздерін реконструкциялау және салу жоспарланып отыр. Жоба желілердің тозуын азайтуға және инвестиция тарту арқылы коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2025, 17:09 55536
Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды
Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласы прокуратурасында интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу мақсатында ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойылды.
Барлық келісімдер бір іс-шара аясында жасалды.
Жарты жылдың ішінде Алматыда 4 мыңнан астам алаяқтық оқиғасы тіркелді, оның 1 мыңнан астамы онлайн ортада жасалған.
Бұл қауіп-қатерлерге жауап ретінде қала прокуратураcы бірқатар негізгі ұйымдармен әріптестік бастамасын көтерді.
Бірінші меморандум "Altyn Bank" АҚ-мен жасалды. Құжат push-хабарламалар арқылы ескертпелер енгізуді және банк бөлімшелерінде ақпарат орналастыруды қарастырады.
Құжатқа Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков пен банктің басқарма төрағасы Мұрат Байсынов қол қойды.
Іс-шараға төраға кеңесшісі Алик Шпекбаевта қатысты.
Екінші меморандум "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС директоры Дәурен Сабитовпен жасалды.
Ескертпе материалдар "Онай" жүйесінде - көлік карталарында және мобильді қосымшада орналастырылады.
Үшінші келісім "АЛСЕКО" АҚ-ның бас директоры Юрий Федорцовпен жасалды.
Алаяқтардан қорғану тәсілдері туралы ақпарат коммуналдық төлем түбіртектерінде көрсетілетін болады.
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков мұндай қылмыстардың алдын алу мемлекет пен бизнестің үйлесімді әрекетін талап ететінін атап өтті.
Қол қойылған келісімдер азаматтарды жүйелі түрде қорғауға және цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2025, 17:04 55776
Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды
Актөбе облысының тұрғыны мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қалпына келтіру үшін Адам құқықтары жөніндегі институтқа жүгінді.
Бұл орайда өтініш кәмелетке толмаған үш балаға қатысты болды. Олар "жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша есепте тұрған.
Өтініш иесінің айтуынша, 2024 жылдың қазанында бастапқы тіркеу кезінде балаларға бірізді кезек нөмірлері берілген. Алайда 2025 жылдың қаңтарында олардың кезектілігі төмендетілген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінен.
Актөбе облысындағы уәкіл өкілінің ұсынымдары негізінде жүргізілген тексеріс барысында кезектегі өзгерістердің негізсіз болғаны анықталды.
Нәтижесінде, балалардың бастапқы кезектілігі қалпына келтіріліп, олардың заңды түрде тұрғын үй алу құқығын белгіленген мерзімде іске асыруына мүмкіндік берілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты өз кезегінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмысын жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.07.2025, 17:04Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды 10.07.2025, 17:09 55411Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды08.07.2025, 14:55 50096Түркістан облысында жаңадан 72 тік дренажды ұңғыма қолданысқа берілді08.07.2025, 17:55 48621Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады08.07.2025, 17:53 48591Қазақстанда коммуналдық тарифтердің өсуі кейінге қалдырылды
04.07.2025, 19:14 136666Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 136486Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 135891"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 129451Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды13.06.2025, 15:35 1286462025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды