30.08.2022, 14:19 11941

Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. 30 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтаймын! Биыл бұл мейрам айрықша саяси мәнге ие болып отыр. Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижесі халқымыздың бірлігін және елімізді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалардың барынша қолдау тапқанын көрсетті. Біз заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік", - делінген Президенттің құттықтауында.

 
Ол еліміздің әрбір жауапты азаматының реформаларды іске асыруға белсене қатысып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын кезі келгенін атап өтті. Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды.
 

Қолға алынып жатқан өзгерістердің басты міндеті – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту. Бұл міндеттерді орындауға еліміздің әрбір азаматы атсалысуы қажет, қадірлі отандастар! Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Отанымыздың игілігі жолындағы барлық мақсатқа жете беріңіздер!" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасында Конституция күні аталып өтуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны