24.04.2023, 13:04 43861

Тоқаев Чехия премьер-министрімен экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты
Тоқаев Чехия премьер-министрімен экономикалық ынтымақтастықты талқылады
Сурет: akorda.kz
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Фиаланың елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы Чехия Президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде көлік-логистика саласын нығайту перспективаларына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Чех Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз", - деді Мемлекет басшысы.


akorda.kz

Өз кезегінде Петр Фиала Чехияның елімізбен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Чех Республикасы Қазақстанмен бұрыннан достық қарым-қатынас орнатқан және оны жалғастырамыз деп сенеміз. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан - біз үшін өте маңызды серіктес. Қазақстан мен Чех Республикасының ынтымақтастығы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың аса маңызды тірегінің бірі саналады", - деді Чехия Премьер-министрі.


Сонымен қатар кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны