18.01.2023, 16:31 26266

Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға келуге шақырды

Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Президенттің шақыруын қабыл алды
Тоқаев Дубай билеушісін Қазақстанға келуге шақырды
Сурет: telegram/Aqorda
Абу Даби. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.
 
Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің басты қаржы институттарымен қарым-қатынас орнатқанына тоқталып, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесіне назар аударды.
 
Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
 
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
 
Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Президенттің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға сапар шегу зор мәртебе екенін айтты.
 
18.01.2023, 17.00 толықтырылды
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан мен БАӘ тауар айналымын 1 млрд долларға дейін ұлғайтуға ниетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны