03.02.2023, 09:10 38391

Тоқаев кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Шақыру 2023 жылдың наурыз - маусым және қыркүйек - желтоқсан айларында болады
Тоқаев кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: gov.kz
Астана. 3 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын", - делінген құжатта.


Бұдан басқа, Президент "Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек - желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын" деп Қаулы етті.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2023 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді тапсырылды.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны