21.04.2025, 10:53 43856

Тоқаев Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерді тағайындады

Тоқаев Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерді тағайындады
Тоқаев Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Алмас Сейтақынов Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Сергей Александрович Викторов Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына,
Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны