31.01.2022, 16:44 16811
Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысады
Сурет: akorda.kz
Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді. Ойындарға қатысу үшін қазақстандық спортшылар спорттың сегіз түрінен 82 лицензия жеңіп алды.
Қазақстандықтар XXIV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.05.2025, 17:07 24851
Алматыда "Алма-Арасан" радон көзінің бағытын кешенді жаңғырту басталды
2025 жылы 13 мамырдан бастап "Алма-Арасан" тұрағынан радон көзіне дейінгі маршрутты кешенді жаңғырту басталды. Жоба бастапқы инфрақұрылымды жаңартуды, беткейлерді нығайтуды, көпірлерді қайта құруды және жаңа палубалар, баспалдақтар мен демалыс орындарын орнатумен бүкіл жолды абаттандыруды қамтиды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұлақ ауданында өнеркәсіптік альпинистердің қатысуымен тас құлауынан қорғау жұмыстары жүргізіледі. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тау жыныстарының тұрақсыз фрагменттерінен, соның ішінде сынықтар мен гидроқұралдарды пайдалана отырып, тастарды қолмен төгуді қоса алғанда, беткейлерді тазарту жүргізіледі. Беткейлерді қосымша тұрақтандыру үшін анкерлі жүйелерді орнату қарастырылған. Алаңы шамамен 200 шаршы метр беткейлердің беті тростармен тартылған металл торлармен қосымша нығайтылады, бұл тау массаларының тұрақтылығын арттыруға және құлау қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
13 мамырдан 3 маусымға дейін радон көзі жұмыс күндері сағат 09:00 - ден 18:00-ге дейін жабылады. 3 маусымнан 3 шілдеге дейін радон көзіне дейінгі жаяу жүргіншілер жолы жұмыс күндері толығымен жабылады-ескі көпірлерді бөлшектеуге, жаңа соқпақ учаскелерін және баспалдақтарды орнатуға байланысты.
Демалыс күндері жұмыс жалғасуы мүмкін жекелеген аймақтарды қоспағанда, кіру ашық болады.
Жаңғыртуды аяқтау 2025 жылғы 31 шілдеге дейін жоспарланған, бұл ретте жекелеген жұмыстардың мерзімдері ықтимал ауа райы жағдайларына байланысты түзетілуі мүмкін.
Модернизация аяқталғаннан кейін маршрут түрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі туристерге бейімделген қауіпсіз, жайлы және экологиялық таза болады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарды жоспарлау кезінде уақыт шектеулерін ескерулерін сұраймыз. Жұмыс барысы және уақытша жабылу туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 16:50 25276
Бас Прокурор Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының делегациясымен кездесті
Бас Прокурор Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Бүгін бас қадағалау органының ғимаратында Бас Прокурор Берік Асыловтың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Экономикалық-экологиялық өлшем жөніндегі үйлестірушісі, Елші Бақыт Жүсіповпен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында терроризм мен адам саудасына, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ активтерді қайтару салаларында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Бас Прокурор Б.Асылов қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте Қазақстанның прокуратура органдары бастамаларын іске асыруға қосқан Ұйымның елеулі үлесін атап өтті.
Тараптар адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тиімді өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 15:52 25566
Қазақстан мен Беларусь агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтып жатыр
Қазақстан мен Беларусь агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтып жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігнің баспасөз қызметінен.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында министр 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы агроөнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы 278 млн АҚШ долларын құрағанын, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға жоғары екенін атап өтті. Ал 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 19,7%-ға өсім тіркеліп, бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты оң динамикасын көрсетті.
Біз елдеріміз арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты әрі өзара тиімді саудасында елеулі әлеуетті байқап отырмыз. Қазақстанда заманауи агротехнологияларды және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өндірілетін өнімдердің кең ассортименті бар. Беларусь Республикасына экспортты жандандыру мақсатында біз экологиялық таза әрі сапалы тауарларды - күріш, ұн, жем өнімдерінен бастап, ет өнімдері, бал, крахмал-сірне өнімдері, қосалқы өнімдер, кондитерлік және шұжық өнімдеріне дейін жеткізуге дайын отандық кәсіпорындардың тізімін жолдадық", - деді Айдарбек Сапаров.
Тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ бірінші Беларусь-Қазақстан аграрлық форумын өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, "Белагро-2025" атты 35-ші Халықаралық мамандандырылған көрмеге қазақстандық делегацияның қатысуы, Беларусь-Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 19-отырысын өткізу, сондай-ақ аграрлық саладағы өзара іс-қимылдың болашағы зор бағыттары бойынша жұмыс тобының отырысы талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 13:48 26421
Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды
Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Киік - Қазақстан даласының ежелгі тұрғындарының бірі. Бүгін әлемдегі киіктердің 98%-дан астамы Қазақстанда мекендейді.
Мамыр айының басында Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларының мекендеу аумақтарында киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Осы кезеңде "Охотзоопром" РМҚК инспекторлары төлдеу жаппай жүріп жатқан жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
Киіктердің төлдеу кезеңі мамыр айының соңына дейін жалғасады деп болжанады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 13:40 26771
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Ташкенттегі кездесуде вегетациялық кезеңге арналған су-энергетикалық режимдерді келісті
Ташкенттегі халықаралық энергетикалық форум аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Е.Ақкенженов өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Қазақстанның, Өзбекстанның және Қырғызстанның энергетикалық және су ресурстарына жетекшілік ететін министрлердің жоспарлы үшжақты кездесуі өтті, оның қорытындысы бойынша энергетикалық объектілер жұмысының келісілген режимдерін және алдағы вегетациялық кезеңге Сырдария өзені бассейнінде су бөлу тәртібін айқындайтын хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы Хаттамаға қол қою Су ресурстарын теңгерімді пайдалануды және Орталық Азияның энергия жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған үш елдің тұрақты ынтымақтастығы шеңберіндегі маңызды қадам болып табылады. Мұндай режимдерді әр вегетациялық кезеңге дейін талқылау және келісу елдердің қазіргі гидрологиялық жағдайын және су мен энергетикалық ресурстарға деген қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
ҚР Энергетика министрі "Өзбекстанның энергетикалық апталығы" (CAEx) көрмесінің жұмысына қатысты, онда қазақстандық компаниялардың стендтеріне назар аударып, олардың саланы дамытуға және инновациялық жобаларды іске асыруға қосқан үлесін атап өтіп, энергетика саласындағы заманауи технологиялар мен әзірлемелермен танысты.
Сапар қорытындысына түсініктеме берген ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов:
Су-энергетика мәселелері бойынша тұрақты үшжақты консультациялар мен хаттамаларға қол қою бізге ортақ ресурстарды басқаруға жүйелі түрде жақындауға мүмкіндік береді. Вегетациялық кезеңге арналған режимдер бойынша бүгін қол жеткізілген уағдаластықтар дәйекті бірлескен жұмыстың нәтижесі болып табылады және барлық қатысушы елдердің мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, біз энергетикадағы технологиялық жаңалықтарды қадағалап, өндірушілерімізге қолдау көрсетуді жалғастырамыз, бұл секторды жаңғырту және өңірлік әріптестігімізді нығайту үшін маңызды".
Кездесу барысында тараптар бірқатар ұзақ мерзімді стратегиялық жобалар бойынша консультациялардың барысын талқылады. Атап айтқанда, Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысы жөніндегі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы келіссөздер жоспарлы түрде жалғасып жатқаны және Әзербайжан, Қазақстан мен Өзбекстанның қатысуымен жүзеге асырылатын Каспий энергетикалық дәлізін құру жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатқаны атап өтілді.
Қазақстандық делегацияның сапары мен өткізілген кездесулер өңірлік энергетикалық диалогты одан әрі дамытуға және Орталық Азия елдерінің практикалық өзара іс-қимылына ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 10:29 26981
Жамбыл облысының аграршылары суару кезеңінің басынан бері 44 млн текше метр су алды
Биылғы суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Бүгінгі таңда өңірдегі 15 мың гектар егіс алқабы суарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Күннің ыстығына байланысты Жамбыл облысында суару кезеңі 25 күнге ерте басталды. Ал жауын-шашын болмағандықтан, суармалы суға деген сұраныс алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе артты.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысының "Қазсушар" филиалы тиісті келісімшарттар жасалған шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етіп жатыр. Шаруа қожалықтарымен жасалған келісімдердің шарттары толық орындалып жатыр. Ал диқандар келіп жатқан судың көлеміне дән риза.
Шаруашылықпен айналысып жатырмын. Сумен мәселе жоқ. Егінімізді суарып жатырмыз. Пияз ектім, жақсы өсіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі тиімді, суды, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Енді гектарына 70-80 тонна өнім жинаймыз деп есептеп отырмыз", - деді егінші Ақылбек Бәйтіков.
13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол келіп жатыр. Тек келісімшартқа отырып, ақшасын төлеу қажет. Қазақта "судың да сұрауы бар" деген сөз бар. Біздің жер ылғалды жақсы ұстайды. Бір мәрте суарсақ, сол бізге жеткілікті. Оның өзінен жақсы өнім аламыз. Жоңышқаны да бір рет суарғаннан кейін, екі рет орып аламыз. Гектарына 150-170 орам шөп аламыз. Бұл өзіміз бағатын малға жетеді", - деді Қызылшарық ауылының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Әбдібек Шымырбаев.
Қазір барлық күш Жамбыл облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін Киров су қоймасынан су жіберу көлемін ұлғайту бойынша қырғыз әріптестерімізбен келіссөз жүргізілді", - деді Жамбыл облысының "Қазсушар" филиалының директоры Қайрат Аманов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2025, 17:26 50836
Скляр мен Қытай компаниясының басшысы елімізде жүгеріні терең өңдеуге арналға өнеркәсіптік парк салу бойынша инвестициялық жобаны талқылады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Fufeng Group компания тобының президенті Ли Сюэчуньмен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған тікелей интеграцияланған өнеркәсіптік парк салу бойынша ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады.
Жоспарланған инвестиция көлемі шамамен $800 млн-ды құрайды. Өндірістік кешенге крахмал өндіретін зауыт, үш биоферментациялық зауыт, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр стансасы және тазарту құрылыстары кіретін болады.
Жүгеріні өңдеу қуаттылығы, оның ішінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеткізу есебінен жылына 1 млн тоннаны құрайды. Дайын өнім ЕО елдеріне, Солтүстік Африка мен Таяу Шығысқа экспорттауға бағытталады. Жобаны жүзеге асыру шамамен 1,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тараптар алдағы инвестициялық келісімнің шарттарын, оның ішінде экспорттық қолдау көрсету мәселелерін және жүгеріні терең өңдеу саласын дамытуға арналған мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларын талқылады.
Жоба Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және өңдеу өнеркәсібін күшейту үшін стратегиялық маңызға ие. Жоғары технологиялық өндірістік кешен құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын едәуір арттыруға, ілеспе салалардың дамуын ынталандыруға, отандық шаруалар үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.,,
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2025, 15:26 51081
Қызылордада мемлекет пайдасына 900 млн теңге құрайтын мүлік қайтарылды
Қызылордада мемлекет пайдасына мүлік қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қызылорда қаласының прокуратурасымен 900 млн теңге құрайтын мүлік мемлекетке қайтарылды.
Әкімдікпен тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген.
Дегенмен, сенімгерлік басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөнінде шарт міндеттемелерін орындамаған.
Ал әкімдік бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасамаған.
Қадағалау актісінің нәтижесімен құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде, құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
12.05.2025, 11:06Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді 13.05.2025, 17:33 50871Елорда әуежайын одан әрі дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады14.05.2025, 15:26 50556Қызылордада мемлекет пайдасына 900 млн теңге құрайтын мүлік қайтарылды13.05.2025, 16:37 50441Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады14.05.2025, 17:26 50311Скляр мен Қытай компаниясының басшысы елімізде жүгеріні терең өңдеуге арналға өнеркәсіптік парк салу бойынша инвестициялық жобаны талқылады
18.04.2025, 07:08 1796562025 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында "Almaty Theatre" концерт залында "Көкіл" мектебінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті18.04.2025, 12:56 177256Алматыда "Ялян", "Алатау", "Сәлем" және "Байсат" базарларында 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды17.04.2025, 13:37 157121Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіледі08.05.2025, 14:24 146886Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 145261"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті