24.02.2022, 17:38 13781
Тоқаев пен Смайылов Украинада болып жатқан оқиғалардың теріс әсерін азайту шараларын талқылады
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысына халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларға байланысты экономиканы дамытудың дағдарысқа қарсы жоспарының негізгі қырлары таныстырылды, хабарлайды Ақорда.
Президентке қаңтар оқиғасы салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерінің шығынын өтеуге және қираған мемлекеттік нысандарды қайта қалпына келтіруге қатысты жұмыстар жайында мәлімет берілді.
Әлихан Смайылов кәсіпорындарға апаратын теміржолдарға ие табиғи монополиялар нысандарына белгіленген тарифті төмендету, өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жүйесін және кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру мәселелері туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар Премьер-Министр Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуы және 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға дайындық жұмыстары жөнінде есеп берді.
Бұған дейін хабарланғандай, президент Үкіметке халықаралық жағдайдың шиеленісуіне байланысты дағдарысқа қарсы жоспар әзірлеуді тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
05.05.2025, 10:16 361
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры тағайындалды
Махамбет Елеусінов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Махамбет Қайырбекұлы Елеусінов 1986 жылы туған.
Еңбек жолын 2007 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру операторы болып бастаған.
2008-2011 жж - "Қаражанбасмұнай" АҚ-да мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды оңтайландыру жөніндегі техник.
2011-2012 жж. - "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ стратегия және тұрақты даму департаментінің сарапшысы.
2012-2015 жж. - "Орал Ойл энд Газ" ЖШС өндіріс жөніндегі департаментінің өндіру инженері.
2015-2023 жж - "Қаражанбасмұнай" АҚ-да мұнай өндіру технологиялары бөлімінің 2-санатты инженері, өндірістік бөлімнің аға инженері, өндірістік бөлімінің жетекші инженері, бұрғылауды бақылау және ҰККЖ қызметінің басшысы, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылдың шілде айынан бастап "Қазгермұнай" БК" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.05.2025, 09:54 76
Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды
Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналды. Былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толған болатын, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су қоймасының толуы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.
Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің су ағынын реттеп отырады. Жыл басынан бері су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілді. Ал былтыр осы кезеңде бұл көлем 2,9 млрд текше метр болған еді.
Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге жетті. Ал көлдегі су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендерге, соның ішінде Іле өзеніне қатысты мәселелер бойынша қытайлық әріптестерімен тұрақты байланыста. Бірлескен жұмыстың арқасында қатарынан екінші жыл бойы Алматы облысының диқандары суармалы сумен толық қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар Балқаш көлі бассейніндегі экологиялық жағдай да жақсарып келеді", - деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Серік Мейрамбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2025, 18:26 59711
Ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау күшейтілді
ҚР КМ автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейтті. Бұл шара жолдардың мерзімінен бұрын тозуын алдын алуға және елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көліктік бақылау жұмысын атқару үшін 6 жылжымалы бекет пен 40-қа жуық инспектор жұмылдырылды. Көліктік бақылау инспекторлары 2025 жылғы 7 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейтті. Бұл шара биылғы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде басталмақ.
Бақылау жұмысы жылжымалы бекеттер мен арнайы автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы қаланың негізгі кіреберіс жолдарында жүзеге асырылып жатыр. 1400-ден астам жүк көлігі тексеріліп, 600-ден хаттама толтырылды",- деп атап өтті мамандар.
Рұқсат етілген нормадан тыс жүк тасу жолдардың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Белгіленген жүк параметрлерін қатаң сақтау қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2025, 18:23 60036
Қытай инвесторлары Абай саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Қытайдың Чанцзи мемлекеттік жоғары технологиялар индустриялық аймағынан келген делегация мүшелерімен кездесті. Делегация құрамында құрылыс, тау-кен өндірісі, электроника және көлік құрастыру, көпір салу бағытында жұмыс істейтін компания өкілдері болды, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аймақ басшысы қытайлық тарапқа облыстың әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы айтып, өңірде көлік-логистика, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға болатынын атап өтті.
Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан көлік-логистикалық әлеуеті зор. Семей мен Аягөз қалалары аумағындағы темір жол бойында логистикалық хабтар ашуға толық мүмкіндік бар. Облыс орталығына көпір керек. Семей қаласында машина құрастыратын зауыт бар. Осы бағытта да бірлесе жұмыс істеуге болады. Жел, су энергиясын өндіретін станциялар салу мәселесі де өзекті. Өңірде өндірістік аймағымыз бар. Біз әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырғысы келетін инвесторлармен жұмыс істеуге дайынбыз. Мамыр айының ортасында Қытайға арнайы делегациямен барып, келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз" деді облыс әкімі.
Қытайлық тарап өз кезегінде Абай облысында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып, біріккен кәсіпорындар ашу, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларға инвестиция салу бойынша нақты ұсыныстар беретінін жеткізді. Айта кетейік, шет елдік компания өкілдері бұған дейін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында бірнеше жобаны жүзеге асырған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2025, 14:34 61171
Қазақстанда мемлекет қатысатын 475 компания жекешелендірілуде
Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, орта бизнестің ЖІӨ-ге үлесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мемлекеттің экономикаға қатысуын тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеу жоспарлануда. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге, біріктіруге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады, бұл ретте кәсіпорындардың жартысынан көбі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген.
Премьер-министр Жарлықтың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы керектігін баса айтты. Жұмыс бақылауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 17:09 120806
Қазақстанға Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы мемлекеттік сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.
7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 17:03 121076
Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді
Үкімет Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы, Волчанка ауылында дәрігерлік амбулатория салу жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 67 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жобаның жалпы құны 419 млн теңгені құрайды. Қаражаттың бір бөлігі бұрын Үкімет резервінен және облыстық бюджеттен бөлінген.
Бүгінгі таңда нысанның құрылысы 65%-ға орындалды. Инженерлік желілерді - сумен жабдықтау, электр энергиясы және коммуникацияларды жүргізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Тапсыру - 2025 жылдың мамырына жоспарланған.
Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Өскемендегі гематология орталығының құрылысын аяқтауға 33,6 млрд теңге бөлген болатын.
Айта кету керек, Қазақстанда "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарланған. Бүгінде 467 нысанның құрылысы аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысандарын салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Бұдан басқа, қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қордан да жүргізіледі. Премьер-министр денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдікке қалған 188 медициналық нысанның құрылысына және ауруханалардың қайта құрылуына апта сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2025, 16:47 122031
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Жуырда А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы еліміздің медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салатын аса күрделі операцияны сәтті өткізді.
Президент белгілі хирург, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалған бұл операцияны отандық медицинаның зор жетістігі ретінде бағалап, орталық ұжымына Алғыс хат жолдады.
Мемлекет денсаулық сақтау саласын дамытуға баса мән береді. Бұл ретте көптеген іргелі бастама қолға алынып, ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Соның нәтижесінде ұлттық медицина қарқынды дамып келеді. Сіздер жасаған бірегей операция - соның айқын дәлелі. Қазір еліміз өте күрделі трансплантациялық операция жасайтын әлемдегі алты мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жетістікке отандық мамандардың, соның ішінде өздеріңіздің қажырлы еңбектеріңіз бен ерекше білімдеріңіздің, сондай-ақ теңдессіз тәжірибелеріңіздің арқасында жетіп отырмыз. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Болашақта да ұлт саулығын жақсарту үшін тынымсыз тер төгіп, халқымызға қалтқысыз қызмет ете бересіздер деп сенемін", - делінген Алғыс хатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.05.2025, 09:54Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100% толды 05.05.2025, 10:16 86"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры тағайындалды05.05.2025, 10:23 61Алматы облысының прокуратурасы айыппұл тұрағында тәркіленген мүлікті тонау фактісін анықтады
30.04.2025, 14:33 121656Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады30.04.2025, 16:47 121531Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 14:50 120831Қазіргі құлдық: жәбірленушілердің саны үштен бір есеге өсті30.04.2025, 17:03 120576Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді30.04.2025, 17:09 120306Қазақстанға Вьетнам Компартиясының Бас хатшысы мемлекеттік сапармен келеді
11.04.2025, 18:13 123441Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді30.04.2025, 14:33 121656Қазақстанда медициналық көмектің бірыңғай пакеті құрылады30.04.2025, 16:47 121531Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады30.04.2025, 14:50 120831Қазіргі құлдық: жәбірленушілердің саны үштен бір есеге өсті10.04.2025, 15:14 120611Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі