19.07.2021, 23:59 13873

Тоқаев QazVac вакцинасын үшінші елдердің нарығына шығару жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды

Тоқаев ресейлік жаңа "Спутник лайт" вакцинасын жеткізу және оны отандық фармацевтикалық алаңдарда шығару мәселесін пысықтауды тапсырды.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңес барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac отандық вакцинасын үшінші елдердің нарығына шығару жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Отандық QazVac вакцинасын қыркүйек айында шығару жоспарланып отырғанын ескере отырып, оның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелуін тездету қажет. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы. QazVac вакцинасын екіжақты уағдаластықтар аясында үшінші елдердің нарығына шығару жұмыстарын ұйымдастыру маңызды. Үкіметке аталған мәселені ерекше бақылауға алуды және бір ай ішіндегі атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндауды тапсырамын", – деді Президент.

 
Кеңес барысында вакцина өндірісі саласындағы көшбасшы елдерден әкелінетін екпелердің түрлерін кеңейту мәселесі де қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік жаңа "Спутник лайт" вакцинасын жеткізу және оны отандық фармацевтикалық алаңдарда шығару мәселесін пысықтауды тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны