22.11.2022, 17:31 22506

Тоқаев ҚР-ның сайланған Президенті болып танылды

Тоқаев ҚР-ның сайланған Президенті болып танылды
Сурет: А?орда
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Орталық сайлау комитеті Президенттің кезектен тыс сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулы шығарды, деп хабарлады ҚР ОСК баспасөз қызметі.
 
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қаулы етеді:
 
  1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналсын.
  2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тіркелсін.
  3. Тіркелген Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті куәлік тапсырылсын.
  4. 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылдың 26 қараша болып айқындалсын.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті лауазымына алты адам үміткер болды. ОСК-ның соңғы деректеріне сәйкес, сайлаушылардың 81,31%-ы Тоқаевқа дауыс берді. Президенттің ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны