25.01.2023, 14:09 19561
Тоқаев ҚР Сот әкімшілігін құру туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: pexels.com
Сот әкімшілігі ҚР сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі
Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа енгізілген өзгерістер туралы құжатқа қол қойды.
Оған сәйкес, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Сот әкімшілігі болып қайта құрылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот әкімшілігінің міндеттері:
- Сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жетілдіру;
- Сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау;
- Сот жүйесі мен Соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу.
Сот әкімшілігі ҚР Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып есептеледі", - делінген құжатта.
Бұған дейін Қазақстанда Конституциялық сот өз жұмысын бастағаны хабарланған болатын. Онда кейбір нормативтік-құқықтық актілер конституциялық құқықтарын бұзады деп есептейтін азаматтардың өтініштері қаралатын болады.
Ақпарат көзі: zakon.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.05.2025, 17:05 18341
Қазақстанның тоғыз облысында сумен жабдықтауды жақсартуға ниетті
Еліміздің 9 облысында жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Олар: Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Барлық жоба жүзеге асқанда, шамамен 1,3 миллион адам тұратын 468 елді мекенде ауыз су жағдайы жақсарады.
Президенттің қазақстандықтарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба аяқталды. Жұмыстар еліміздің алты өңірінде жүргізілді. Олар: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстары. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартты", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 17:02 18601
Қарағанды облысында егіс алқаптарын шегірткеден сақтау үшін өңдеп жатыр
Қарағанды облысында шегірткемен күресу шаралары қабылдануда. 20 мамырдан бастап табын түрлеріне қарсы алқаптарды химиялық өңдеу жүргізіледі, ал 27 мамырда шоғырланып жүретін жәндіктерді жою жұмыстары басталады. Жағдайды бақылау және мониторингілеу үшін жедел штаб жұмыс істейді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Төлебековтың айтуынша, облыста 5,4 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлерін зерттеу көзделген.
Ақтоғай ауданының тұрғындары әлеуметтік желілерде зиянкестер қаптап кеткеніне шағымданды. Бұл облыстық штабтың оқиға орнына барып, шегірткемен күрес жұмыстарын бақылауды күшейтуге себеп болды. 21 мамырда ауданда фитосанитариялық диагностика және аумақтық инспекция мамандарының қатысуымен көшпелі кеңес өтті.
Шаралар қабылданды. Техника дайын, қажетті дәрі-дәрмек қоры бар. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының облыстық филиалының мамандары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді көктемгі зерттеу жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлады Әнуар Төлебеков.
Шегірткенің табындық емес түрлері бойынша аумақты өңдеу 27 мамырда басталады. Жұмыстарды авиацияны қолдана отырып, мердігер ұйымдар жүргізетін болады.
83,45 мың гектар жер өңделуге жатады.
20 мамырдан бастап итальяндық прус түрлерін қоса алғанда үймелеп жүретін шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар тоғыз жер үсті бүріккіш, екі аса жеңіл ұшақ, дельтаплан және төрт агродронның көмегімен жүргізілуде.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық жұмыстар облыстық штабтың бақылауында болуы керектігін, сондай-ақ ақпараттық вакуум болмауы үшін тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар ету қажеттігін атап өтті.
Біз жедел әрекет еттік. Барлық іс-шаралар кесте бойынша орындалады, жағдай тұрақты режимде бақыланады. Басты міндет - ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шаруашылықтарында болуы мүмкін зиянның алдын алу", - деді өңір басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 13:48 20081
Президент ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты
Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиынды ашқан Президент жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруінен туындаған жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мұның мәні арта түсті. Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.
Біздің елдеріміздің әлемдік ІЖӨ-дегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді", - деді Президент.
Мемлекет басшысы қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту барысында орталық банктер негізгі рөл атқарып, экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады деп санайды.
Жиынның күн тәртібіне экономикалық үдерістерге, ақша-несие саясатына, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары және цифрлық активтері, яғни, қаржы технологияларын дамытуға қатысты өзекті тақырыптардың енгізілгені қуантады. Қазақстан бұл салада айтарлықтай жетістікке жетті. Атап айтқанда, барлық транзакциялар құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызды құрады. Біздің Ұлттық банк аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді. Жақын арада цифрлық активтердің, соның ішінде криптовалюталардың, стейблкоиндердің және токенизацияланған құралдардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ететін жаңа ережелерді қабылдау жоспарланып отыр", - деді Мемлекет басшысы.
Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық банктер арасындағы кәсіби диалогтың кеңеюі түркі елдерінің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін берік негіз қалайтынына сенім білдірді.
Жиында Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Әзербайжан Орталық банкінің төрағасы Талех Тахир оглы Кязимов, Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Мелис Тургунбаев, Түркия Орталық банкінің төрағасы Фатих Карахан, Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметов, Мажарстан Орталық банкінің атқарушы директоры Габор Соч және ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев сөз сөйледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 13:40 20311
1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі
1 маусымнан бастап жүк көліктердің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінен.
ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды. Бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.
Шектеу мерзімі:
- еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
- солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.
Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.
1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қызылорда облысы;
- Түркістан облысы;
- Маңғыстау облысы.
1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
- Абай облысы;
- Ақмола облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.
Шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі.
Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді.
Жазғы шектеулерді сақтау:
- жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартады;
- жөндеу шығындарын азайтады;
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүк тасымалдаушыларды белгіленген тәртіпті сақтауға және маршруттарын шектеу режимін ескере отырып жоспарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 13:06 24976
ШҚО-да 1,9 млрд теңге көлеміндегі актив мемлекетке қайтарылды
ШҚО-да 1,9 млрд теңге көлеміндегі актив мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
техникалық сала мамандарын (құрылысшылардан тау-кен металлургтеріне, химиктер мен бағдарламашыларға дейін) даярлайтын, 60 жылдық тарихы бар (1968 жылы құрылған) мемлекеттік "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ-ЖОО (бұдан әрі-Университет) қызметін атқарады.
2008 жылы университет жанынан "Алтай "Шығыс Қазақстан өңірлік технопаркі" ЖШС (бұдан әрі - Технопарк) құрылды, оның миссиясы - инновацияларды дамытудың жаңа бағыттарын әзірлеу және енгізу.
Технопарктегі қатысушылардың үлесін сатып алу және иеліктен шығару бойынша бірқатар мәмілелердің нәтижесінде олардың құрамы өзгерді.
Мемлекет активтерін бәсекелестік ортаға беру заңдылығын талдау арқылы университет мүлкін жарғылық капиталдағы үлестермен айла-шарғы жасау арқылы жеке субъектіге беру белгілері анықталды.
Алдын ала тұжырымдар Технопарк қызметіндегі прокурорлық тексеру барысында расталды, атап айтқанда: 1,5 млрд астам сомаға мүліктік залал келтіру (университет үлесін азайту, сондай-ақ қаражатты алу жолымен), құны 1,4 млрд мемлекеттік мүлікті заңсыз кепілге салу, жосықсыз тең құрылтайшы тарапынан салықтық жеңілдіктерді заңсыз қолдану фактілері анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Университеттің атына қадағалау актісі енгізілді, оны орындау шеңберінде мемлекеттік университет кепіл шарттарының, сондай-ақ жарғылық капитал үлесін азайту туралы жиналыстың хаттамаларының күшін жою туралы талап арыз берді.
Прокурорлар сотқа мүдделі тұлға ретінде қатысты.
Сот талқылауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік мүліктен барлық ауыртпалықтар алынып тасталды, университетке үшінші тұлғаға заңсыз берілген Технопарктегі қатысу үлесінің құны 535 млн. 78,48%-ы қайтарылды және Технопарктің жосықсыз тең құрылтайшы алдындағы 1,6 млрд сомасындағы берешегі жойылды.
Тексеру материалдары бойынша ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР ҚК 195 - бабы бойынша (алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу жүргізілуде.
Осылайша, Технопарктегі қатысу үлесінің 100%-ы мемлекетке қайтарылды, мүлік ауыртпалықтан толығымен босатылды.
Прокуратура органдары мемлекет пен Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін мызғымас күзетуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 12:22 26326
Алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындық аясында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаға жөндеу жұмыстары жоспарланған
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Онда энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, отын жеткізу және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов ұлттық энергетикалық жүйенің жұмысы туралы, "Самұрық-Энерго" компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады.
Өткен жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектор толығымен көмірмен қамтамасыз етілді - 7,9 млн тонна, оның ішінде халыққа 5,7 млн тонна көмір жеткізілді, деп хабарлады Ерсайын Нағаспаев. Өңірлердегі қатты отын қоры шамамен 350 мың тоннаны құрайды. Алдағы күзгі-қысқы маусымға дайындық аясында еліміздегі электр стансаларында 10 энергоблок, 63 қазандық және 39 турбинаға жөндеу жұмыстары жоспарланған. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде 4 энергоблок, 19 қазандық пен 10 турбинада түрлі кезеңдердегі жұмыстар жүргізіліп, 1 энергоблок, 2 қазандық пен 1 турбинада жұмыс аяқталды. Орталықтандырылған жылумен қамту аймағында 66 қазандыққа арналған 44 қазандықты реконструкциялау жоспарланып отыр.
Премьер-министр Өткен жылыту маусымы қалыпты деңгейде өткенін, ал қыста технологиялық бұзушылықтар саны 10%-ға төмендегенін атап өтті. Қабылданған шаралар жылу стансаларын жаңғырту жұмыстарын қаржыландыруды 44%-ға, жылу желілеріне шамамен 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Премьер-министр бірқатар өңірдегі энергия көздерін жөндеу жұмыстарының кешеуілдеу қаупіне назар аударды. Мәселен, Семей қаласында қазандықтарды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Ал, Маңғыстау облысында "МАЭК-тің" 2-ші Жылу орталығындағы турбинаны жөндеу тиісті жұмыс тәжірибесі жоқ құрылыс компаниясына берілген. Қостанай облысында Рудный жылу электр орталығындағы турбинаны жөндеу 10 сәуірден бері басталған жоқ. Арқалық жылу станциясындағы қазандық бойынша да осындай жағдай қалыптасып отыр. Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы қазандықтарды жөндеу жұмыстарының қарқыны да тым баяу.
Мұндай кемшіліктер өңірлердің бәрінде дерлік кездеседі және ол тиісті бақылаудың жоқтығын білдіреді. Әкімдіктер министрліктерге сілтеп немесе қаражаттың жоқтығын, конкурстарды сылтауратып, бұл жұмысты назардан тыс қалдыруға болмайды. Жылыту маусымына дайындық - әкімдіктердің алдағы үш ай ішіндегі негізгі міндеті", - деп атап өткен Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.
Өңір әкімдіктеріне барлық конкурстық рәсімдерді екі апта мерзімде аяқтап, жөндеу жұмыстарына нақты кірісу қажеттігі жүктелді. Биыл іске қосу жоспарланып отырған жаңа жылу нысандары бойынша барлық жұмысты тамыз айынан кешіктірмей аяқтау қажет.
Әкімдерге жылу нысандарына апта сайын барып, жағдайды жеке бақылауға алуды және барлық туындаған тәуекелдер бойынша шұғыл әрекет етуді тапсырылды.
Энергетика және Өнеркәсіп министрліктері, өңір әкімдіктері 10 маусымға дейін жылыту маусымына дайындық жоспарларын нақтыласын. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде - 15 қазанға дейін толықтай әзір болуы тиіс.
KEGOC" компаниясына Энергетика министрлігімен бірлесіп, 15 маусымға дейін алдағы жылыту маусымында ұлттық маңызы бар стансаларға арналған жабдықтардың жұмыс режимдерін бекіту тапсырылды. Жөндеу мерзімдерін ауыстыруға немесе жұмыс көлемін азайтуға жол берілмейді. Премьер-министр әрбір факт бойынша меншік иелеріне, сол сияқты басқарушы компанияларға қатысты шаралар қабылданатынына назар аударды.
Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен тұйықтарда отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз етуі қажет.
Үкімет Аппаратына өңірлердің жылу беру маусымына әзірлік барысына тұрақты негізде бақылау жасау міндеті жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2025, 11:59 51636
2025 жылғы 1 мамырға 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2025 жылғы 1 мамырға 43,4 мың отбасындағы 232,5 мың адамға 10,4 млрд сомасына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2025 жылғы 1 мамырға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 74,4 мың балаға 1,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан төмен емес деңгейде айқындалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2025, 11:33 52406
Денсаулық сақтау министрлігі тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізімін жаңартты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге берілетін дәрілік заттардың тізбесін жаңартты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының бұйрығымен ббелгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі тізбесі өзгертілді.
Атап айтқанда, психикалық аурулары бар адамдарға, 2-4 дәрежелі артериялық гипертензиясы бар науқастарға және опиоидты агонистерге қолдау көрсетуді қажет ететін науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмектердің тізімі жаңартылды.
Бұйрық 2025 жылдың 4 маусымынан бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін АИТВ, қант диабеті және басқа да әлеуметтік маңызды аурулары бар науқастар тегін емделетінін айтқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.05.2025, 13:56Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған 23.05.2025, 18:22 119821Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 118436Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 117221Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары23.05.2025, 15:26 115551Қазақстанда жыл басынан бері балалардың құқықтарын бұзудың 171 жағдайы анықталды
29.04.2025, 10:54 15582630 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналар қосылады29.04.2025, 17:58 155601Алматыда көкөніс бағасы тұрақтандырылуда08.05.2025, 14:24 149351Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 147831"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 146016Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады