ҚР Еңбек министрлігі бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін атады
ҚР Еңбек министрлігі бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін атады19.04.2021, 19:03 9237
Тоқаев Түрікменстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.05.2025, 13:36 11061
Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты бірнеше учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі
Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, асфальтобетон жамылғысының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты 20 мамыр күні сағат 23:00-ден бастап 23 мамыр күні сағат 16:00-ге дейін Абай даңғылының Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейінгі бөлігі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Аумақты Алатау көшесі арқылы солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады.
Сонымен қатар, 22 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 16:00-ге дейін Қ.Медеубеков көшесі (Карьерная көшесі) қиылысындағы қозғалысқа шектеу қойылады. Бұл учаскені оңтүстік жақтан У.Қараманов, Грушовая, Виноградов көшелері арқылы, сондай-ақ, Строительная көшесімен солтүстік және оңтүстік бағытта айналып өтуге болады.
Естеріңізе сала кетейік, Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жобасы осы жылы толық ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 600 метрлік соңғы бөлік бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы ұзындығы - 5,3 км.
Айта кетейік, қозғалысты шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сонымен бірге 2GIS және "Яндекс.Карталар" сервистерінде жарияланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2025, 13:31 11286
Щучье көлі жағалауында құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Бурабай ауданы прокуратурасының бастамасымен Жер ресурстарын басқару департаменті "Кипрос" ЖШС-нің пайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленіп келгені анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесі игерілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған.
2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған.
Тексеру нәтижелері бойынша Департамент сотқа жүгінді. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті.
Қолданыссыз жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда және аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2025, 10:14 11896
ҚР Еңбек министрлігі бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін атады
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ), баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге 293,9 мың адам қамтылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 21,1 млрд теңге сомаға 117 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 5,5 млрд теңге сомасын 30,5 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақымен 14,4 млрд теңге сомасын орта есеппен 123,3 мың адам қамтылды, оның ішінде сәуір айында 3,7 млрд теңге сомасын 124,1 мың адам алды.
Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі - АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.
Биылғы бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:
- бірінші, екінші, үшінші балаға - 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға - 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
- бірінші балаға - 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
- екінші балаға - 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
- үшінші балаға - 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.
Аталған біржолғы төлемді жыл басынан бері жалпы сомасы 117,3 млрд теңгеге 81,8 мың адам алды, оның ішінде сәуір айында 32,3 млрд теңге сомасына 24,8 мың адам алды. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері үш айда 1 637 575 теңгені құрады.
Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.
2025 жылдың 4 айында бұл төлем 147 млрд теңгеге 88,8 мың адамға тағайындалды. Оның ішінде сәуір айында 36,7 млрд теңге сомасына 25,2 мың алушыға төлем тағайындалды. 4 айдағы төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 91 953 теңгені құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2025, 15:39 26961
Өскеменде сары түтін: Экология министрлігі тексеру тағайындады
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Өскемен қаласындағы Өскемен титан-магний комбинатының (бұдан әрі - "ӨҚ ТМК" АҚ) аумағынан ластаушы заттардың рұқсат етілмеген шығарындыларымен байланысты резонанстық жағдайға байланысты жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сапар барысында министр "ӨҚ ТМК" АҚ кәсіпорнына барып, болған оқиғаның мән-жайымен танысты, сондай-ақ компания басшылығымен және жергілікті билік өкілдерімен кездесті.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті экологиялық нормалардың сақталуын бағалау және ықтимал бұзушылықтарды анықтау үшін "ӨҚ ТМК" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды. Тексеру аймақ экологиясының жағдайына әсер етуі мүмкін кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін қамтиды.
Экология министрі оқиғаның ауырлығын атап өтіп, келесі тапсырмаларды берді:
- Экологиялық стандарттардың бұзылуына байланысты кәсіпорынның әрекеттерінің (немесе әрекетсіздігінің) заңдылығын бағалау, сондай-ақ болған оқиғаға құқықтық бағалау жүргізу.
- Қолданыстағы заңнама шеңберінде барлық қажетті ықпал ету шараларын, соның ішінде лауазымды тұлғаларды және жалпы кәсіпорынды жауапкершілікке тартуды қабылдау.
- Болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдау, оның ішінде өңірдің басқа объектілерінде экологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту.
Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2025, 12:00 40091
Су министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады
Су саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті жыл сайын өзінің ресми сайтында жариялап отырады. Бұл талап биыл сәуір айында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Су кодексінде көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Ұлттық есеп - бұл елдегі су қорының жай-күйі, оны қорғау және пайдалану бойынша өткен күнтізбелік жылға арналған талдау есебі.
Онда негізгі өзендердің су мөлшері, су ресурстарының су шаруашылық бассейндері, өңірлер және экономика салалары бойынша пайдаланылуы жөнінде талдау, су шаруашылығы мен гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ құжатта су қорын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар, инвестициялық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы ақпараттар баяндалған.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар есеп беру үшін ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынуға міндетті. Ұлттық есептің өзі 1 мамырдан кешіктірілмей жарияланады. Бұл Қазақстандағы су ресурстарын басқару мен пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Су кодексінің өзі биыл 10 маусымда күшіне енеді. Сондықтан біз бұл есепті 2026 жылдан бастап жариялай бастаймыз", -деді Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2025, 11:58 40431
Рахат-Мәдениет шағын ауданындағы желі құрылысы бойынша әкімдік тексеріс жүргізеді
Қала құрылысын бақылау басқармасы Рахат-Мәдениет шағын ауданында "САПА ҚҰРЫЛЫС 2007" ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп жатқан су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысына инспекциялық тексеру жүргізді.
Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Атап айтқанда, кейбір учаскелерде қайтадан топырақ толтырылмаған, ал кей жерлерде қабаттап тығыздау жұмыстарынсыз топырақ төселген, бұл жол жабындысының шөгуі мен опырылуына алып келген.
Сондай-ақ, қорғаныс қоршаулары, тіреулер, ор траншеяларының еңістерін өңдеу жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Бұған қоса, жобадан ауытқушылықтар да тіркелді.
Қазіргі уақытта бірнеше ҚР ӘҚБтК баптары бойынша әкімшілік шаралар қабылдау мақсатында жоспардан тыс тексеріс басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2025, 10:21 41786
Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 394,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге - 450,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге - 943,4 млрд теңге қарастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 471 мың адам.
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 400 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 784 теңге, базалық зейнетақы - 47 616 теңге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары - 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.05.2025, 18:47 61941
Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
- Бұл жеңісіңіз - халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, - делінген жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.05.2025, 10:14 22.05.2025, 13:31 10691Щучье көлі жағалауында құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды22.05.2025, 13:36 10466Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстарына байланысты бірнеше учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі22.05.2025, 09:07 5536Шымкентте алимент төлемеген борышкер сотты болды22.05.2025, 13:18 5301Еңбек министрлігі мүгедектікті белгілеу саласында орын алған заң бұзушылықтарды анықтады
15.05.2025, 17:07 99971Алматыда "Алма-Арасан" радон көзінің бағытын кешенді жаңғырту басталды15.05.2025, 13:40 94231Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Ташкенттегі кездесуде вегетациялық кезеңге арналған су-энергетикалық режимдерді келісті15.05.2025, 13:48 94166Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды15.05.2025, 16:50 94126Бас Прокурор Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының делегациясымен кездесті15.05.2025, 15:52 93416Қазақстан мен Беларусь агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтып жатыр
25.04.2025, 15:23 149271Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні қалай атап өтіледі08.05.2025, 14:24 148171Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 146641"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 144826Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады08.05.2025, 17:45 137626Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады