28.03.2023, 09:04 18456
Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
Сурет: akorda.kz
Президенттің сөйлейтін сөзі республикалық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіледі
Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар шақырылған.
Парламенттің бірлескен палаталарының отырысындағы Президенттің сөйлейтін сөзі 29 наурыз күні сағат 10:00-де республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Президент сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXII сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.07.2025, 18:48 6651
Қазақстанда алғаш рет робот химиотерапияға арналған препараттарды дайындайтын болады
Алматы онкологиялық орталығында химиотерапиялық препараттарды дайындайтын роботтандырылған жүйе - KiroOncology енгізілді. Бұл жүйе бұған дейін Еуропа мен АҚШ-тың медициналық мекемелерінде қолданылған. Бұл - Қазақстанда мұндай технологияны алғаш рет пайдалану, онкологиялық тәжірибеде автоматтандыру мен қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Роботтандырылған құрылғы:
- Препарат дозасын дәл есептейді, адам факторын болдырмайды,
- 360 градустық камера мен кескін базасы арқылы дәрі-дәрмекті анықтайды,,
- Штрихкодтарды тексеріп, компоненттерді араластыруға дейін және кейін өлшейді,
- Дозалау мен таңдау қателіктерін болдырмайды,
- Қауіпті заттармен жанасуды азайта отырып, пайдаланылған материалдарды өздігінен жояды.
Бұл технология дәрі-дәрмектерді қолмен дайындаған кезде бұрын цитотоксикалық заттармен байланысқа түсуге мәжбүр болған медициналық қызметкерлер үшін қауіпті айтарлықтай төмендетеді.
KiroOncology роботы екі механикалық манипулятормен жабдықталған, олар препараттарды флакондарға құю және араластыру процесін орындайды. Процесс аяқталғаннан кейін құрылғы пайдаланылған бөтелкелер мен шприцтерді химиотерапия қалдықтарымен жанасуды болдырмай, автоматты түрде тығыздалатын герметикалық контейнерде жояды.
Роботтан басқа, Алматы Онкологиялық орталығында KiroLink платформасында Kiro Assist жүйесімен жабдықталған BiOptima IT II класты қауіпсіздік ламинарлық бокстары да пайдаланылады. Бұл бокстар цитостатикалық препараттарды қолмен сұйылтуға мүмкіндік береді, бірақ бақылаудың барлық кезеңдерін сақтай отырып: препаратты сәйкестендіру, штрих - кодты тексеру, өлшеу, визуалды бақылау және құжаттау.
Көптеген онкологиялық мекемелерде химиопрепараттар әлі де әдеттегі ламинарлық шкафта дайындалады, бұл қызметкерлер мен науқастар үшін қауіп төндіреді.
Роботтандырылған жүйені енгізу - бұл тек технологиялық жаңалық емес, сонымен қатар Қазақстандағы онкологиялық көмектің қауіпсіздігін, дәлдігін және заманауилығын арттыру жолындағы маңызды қадам.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 16:53 6016
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі - Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 14:51 6241
Қазақстанда Талдықорған - Үшарал газ құбыры желісінің құрылысы аяқталды
Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды.
Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін Талдықорған - Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді. Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу - Бозой - Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Түрік инвесторы - ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды.
Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір отынды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемінің артуы - саладағы маңызды жетістіктің бірі. Сондай-ақ ұлттық компания басшысы Орта Азия - Орталық магистралды газ құбырында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде айтты. Аталған жоба өңірлік энергетика саласындағы маңызды буын ретінде еліміздің рөлін арттыра түседі.
Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын дамытуға қатысты тапсырмасын орындау аясында бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Олардың қатарында "Аққұдық" және "Северный-2" учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, сондай-ақ CNPC компаниясымен бірлесе "Северный-1" учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім бар.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына газ саласында цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына дайындыққа, еліміздің газ саласындағы әлеуетін жоспарлы түрде нығайтуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 13:45 6881
Қазақстандық әртіс "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Алмагүл Батталиева "Славян базары" байқауында Гран-при иеленді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
2025 жылдың 10-13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында "Витебскідегі Славян базары" XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті. Қазақстан атынан байқауға Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты.
Финалда әнші "Вечность" композициясын орындап, көрерменді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Алмагүл Батталиева - Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты - аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген.
Алмагүл - тек шебер орындаушы ғана емес, сахнаға деген құрметі мен жауапкершілігі мол өнерпаз. Ол "Жас Қанат - 2023" фестивалі, "Алматым жүрегімде" халықаралық байқауы сынды беделді музыкалық жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмагүл Батталиеваны "Славян базары" фестиваліндегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістік - оның өнер жолындағы ізденісі мен дарынының айқын көрінісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 13:43 7106
220 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 220,9 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 161,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 62,2 млрд теңге болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
- eGov.kz порталында авторизациялану;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі - МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 12:55 5786
Бектенов Phygital International басшысы Рене Фазелмен кездесті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы, доктор Рене Фазелмен және ұйымның бас директоры Нис Хаттпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Онда фиджитал-спортты физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін перспективалық бағыт ретінде дамытуға назар аударылды.
2026 жылы Қазақстанда "Болашақ ойындары" халықаралық турнирін өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады.
ҚР Киберспорт федерациясының деректеріне сәйкес, бүгінде 1,5 млн-нан астам қазақстандық белсенді түрде киберспортпен айналысады.
Жоғары технологиялық халықаралық іс-шараны Астанада ұйымдастыру жастар арасында жаңа спорттық форматтардың танымалдылығын арттыруға ықпал етпек.
Кездесуге қатысушылар фиджитал-спортты дамыту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ниеттерін жеткізді.
Анықтама: Phygital International әлемнің 98 елін қамтитын Phygital Дүниежүзілік қауымдастығымен (WPC) серіктестікте жұмыс істейді. WPC фиджитал-пәндер үшін ережелер мен стандарттарды әзірлеумен, "Болашақ ойындары" (games of the Future) халықаралық турниріне қатысу үшін өңірлік және ұлттық іріктеу турнирлерін ұйымдастырумен айналысады. Спорт, цифрлық технологиялар және маркетинг сияқты әртүрлі салалардағы мамандардың басын біріктіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 10:12 16456
Катонқарағай ауданында биыл туризм саласында 5 ірі жоба іске асырылуда
Катонқарағай ауданында биыл туризм саласында 5 ірі жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданы туризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.
Катонқарағай ауданы үшін географиялық ерекшеліктерді ескере отырып, экономиканы әртараптандыру бағытындағы негізгі басымдық - туризм. Бұл сала шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беріп, халықты өнімді әрі жоғары табысты жұмыспен қамтамасыз етеді", - деді облыс әкімі.
Биыл Катонқарағай ауданында туризм саласында бес жоба жүзеге асырылуда:
- Ақшарбақ ауылындағы "Верх-Катунь" пантамен емдеу орталығын кеңейту;
- Аршаты ауылында "Altay Resort" курорттық кешенінің құрылысы;
- Катонқарағай ауылында "Altay Terra Resort" туристік кешенін салу;
- Ұрыл ауылында "Мұзтау" экоқонақ үйінің мейрамханасын салу;
- Топқайың ауылында "Qaton Qaragai Resort&SPA" демалыс базасын кеңейту.
Маусым айында Катонқарағай ауданында "Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық музыкалық фестивалі өтті. Іс-шараға 10 мыңнан астам турист қатысты. Қатысушылардың 80%-дан астамы еліміздің басқа өңірлері мен Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түрікменстан, Әзербайжан сынды шет мемлекеттерден келген болатын.
Өткен жылы Катонқарағай ауылында жеке инвестиция есебінен "Қаратай", "Ұлназ" қонақ үйлерінің қызметі кеңейтіліп, "Баян" ғимараты қонақ үй ретінде қайта жаңғыртылды, Согорное ауылындағы жолайрықта кемпинг салынды, Белқарағай ауылындағы "Баян" пантаиен емдеу орталығы кеңейтілді.
2026 жылы "Tor’re Altay Invest" ЖШС-нің 120 орындық "Wellness Resort" санаторий-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда.
Статистикалық деректерге сәйкес, қазіргі уақытта ауданда туристерге арналған 50 орналастыру нысаны тіркелген, ал өткен жылы келушілер саны 33,5 мың адамды құрады.
Қазіргі уақытта ауданда тұрақты туристік кластер қалыптастыру мақсатында туризмді дамыту бойынша шеберлік-жоспар әзірленуде. Облыс әкімі бұл құжатты 1 қыркүйекке дейін дайындауды тапсырды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы туристік орындар бойынша санитарлық-гигиеналық тораптар құрылысына қатысты ұсыныстарды 17 шілдеге дейін енгізуді, инвестициялық жобалар тізбесін жасап, оларды ұлттық және өңірлік пулдарға енгізу жұмысын жандандыруды, сондай-ақ инвестиция тарту ісін күшейтуді тапсырды.
Туризмді дамыту - бұл инфрақұрылым, жолдар, байланыс, қауіпсіздік, жол бойындағы сервис, тамақтану және қызмет көрсету сапасы. Біз бұл мәселелердің барлығын жүйелі түрде шешіп жатырмыз", - деп қорытындылады өңір басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 09:48 16716
Құмар ойындарына және бәс тігуге қатысқан емлекеттік қызметші қызметінен босатылды
Құмар ойындарына және бәс тігуге қатысқан емлекеттік қызметші қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге телекоммуникациялық желілер мен интернетті пайдалана отырып өткізілетін құмар ойындарына және бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.
Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды.
1XBET" және "OLIMPBET" букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
14.07.2025, 09:48Құмар ойындарына және бәс тігуге қатысқан емлекеттік қызметші қызметінен босатылды 14.07.2025, 10:12 16081Катонқарағай ауданында биыл туризм саласында 5 ірі жоба іске асырылуда14.07.2025, 13:43 6731220 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды14.07.2025, 10:14 6561Қазақстан гипсокартонды үшінші елдерден әкелуге тыйым салды14.07.2025, 13:45 6506Қазақстандық әртіс "Славян базары" байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
10.07.2025, 17:09 97566Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды10.07.2025, 17:04 93786Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды11.07.2025, 09:44 83806Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді11.07.2025, 11:59 83691Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 83516Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
04.07.2025, 19:14 138186Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 138006Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136111"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 129656Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 127256Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді