Цифрлық даму министрлігі ДҚБ сервисін енгізуге қатысты кейбір мәселелерді түсіндірді
ДҚБ сервисі азаматтардан дербес деректерін жинау және өңдеуге келісім алуға мүміндік беріп қана қоймай, сондай-ақ дербес деректер келісімсіз өңделетін жағдайларда азаматтарға хабарлауға мүмкіндік береді
Цифрлық даму министрлігі ДҚБ сервисін енгізуге қатысты кейбір мәселелерді түсіндірді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім жазбаша, дербес деректерге қолжетімділікті басқарудың мемлекеттік сервисі (бұдан әрі - ДҚБ сервисі), мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен алынуы қажет.
ДҚБ сервисі азаматтардан дербес деректерін жинау және өңдеуге келісім алуға мүміндік беріп қана қоймай, сондай-ақ дербес деректер келісімсіз өңделетін жағдайларда азаматтарға хабарлауға мүмкіндік береді.
ДҚБ сервисі сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне қосылған. Аталған тізілімге қосылу үшін зияткерлік меншікке құқық және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақ өту сияқты бірқатар талаптарға сәйкес келу керек.
Қазіргі уақытта ДҚБ сервисіне мемлекеттік, квазимемлекеттік, жеке, сондай-ақ барлық екінші деңгейлі банктерді қамтитын 128 ақпараттық жүйе қосылған. Әр ай сайын ДҚБ сервисі арқылы 10 млн-нан астам сұраныс өңделеді. ДҚБ сервисін қолданатын танымал сервистер қатарында екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы "Цифрлық құжаттар", жәрдемақы алу үшін мүгедектік санатын растау, банктік қызметтер алу барысында дербес деректер субъектісінің келісімін алу және т.б. жатады.
Осылайша, ДҚБ сервисі мемлекеттік органдар және ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде сақталатын дербес деректердің санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғауды қамтамасыз етеді.
Заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен бенефициарларының дербес деректеріне қол жеткізуге қатысты сұрақтар бизнес-қоғамдастық пен БАҚ тарапынан жиі туындайды. Дербес деректер туралы заңға сәйкес, дербес деректерді азаматтардың келісімінсіз өңдеу жағдайлары қарастырылған. Мысалы, кәсіпкерлік субъектілерінің дербес деректері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін дербес деректер пайдаланылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік кодекстің 28-бабының 13-бөлігі кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға қолжетімді ақпаратына мыналар жатады:
1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы.
2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні.
3) сәйкестендіру нөмірі.
4) заңды мекенжайы (орналасқан жері).
5) қызмет түрі.
6) басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе).
7)өткізілетін мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша ақпарат.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.