27.02.2025, 16:43 5131

Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді

Қызылорда облысында су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді
Қызылорда облысы бойынша "Қазсушар" филиалы су тасқынының алдын алу мақсатында 5,4 шақырым қорғаныс бөгетін қалпына келтіру, нығайту жұмысын жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегіші трансшекаралық Сырдария өзені арқылы су жинап жатыр.

Сонымен қатар, жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында магистральді және шаруашылық каналдармен су беріліп жатыр. Сырдария өзені мен су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты, күнделікті бақылауға алынған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны