10.05.2024, 13:14 99256

Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрі ант берді

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиев ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным - Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді министр.


Еске салайық, 6 мамырда Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған боалтын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны