13.07.2022, 16:53 10411

Жол жобалаушыларына нашар құрылыс үшін жаза күшейтілді

Жол жобалаушыларына нашар құрылыс үшін жаза күшейтілді
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Автомобиль жолдары комитеті жол саласындағы жобалаушы ұйымдардың жауапсыздығы үшін қолданылатын жазаны қатаңдатты. Аттестаттаушы сарапшылардың пікірлері басты назарға алынып, жауапсыз компаниялар өз ісіне салғырт қарайтын мекемелер санатына кіргізіледі, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. 
 

Бұл шешім өз нәтижесін беріп те үлгерді. Мәселен, "Атырау - Орал" бағытындағы жобаны жүзеге асырушы мердігер жаңа шешім пайдалануды қарастырып жатыр. Бұл жоба жаңа айналма жолды салу кезінде бұрынғы жолдарды пайдаланып, көлік қозғалысы кезіндегі жолақ енін 20 метрден 120 метрге дейін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл шешімдер АҚШ-та кеңінен қолданылып, өзінің тиімділігін дәлелдеген", - делінген министрлік хабарламасында. 

 
Автомобиль жолдары комитетінің мәліметінше, елімізде кейінгі жылдары автокөлік жолдарының құрылысы мен реконструкция жүргізу бойынша жобалар сапасына сын көп. 
 

Атап айтқанда, ауданның климаттық ерекшеліктеріне бағдарланған техникалық шешімдер тиісті деңгейде назарға алынбайды, көпірлер мен өзге де нысан құрылысында пайдаланылатын материалдар мен оларды салу технологиясына жете мән берілмейді. Сонымен қатар, жобалаушы компаниялар көп жағдайда жол құрылысы жұмыстарында арнайы киімдерді пайдаланбайды. Жеке жобалаушы ұйымдар жол құрылысы мен реконструкциялау кезінде қауіпсіздік пен нысандардың беріктік қасиетін ұзақ уақыт қамтамасыз ететін инновациялық шешімдерді енгізуге құлықты емес. Көптеген жобалық шешімдердің сапасы сын көтермейді, тіпті "ҚазЖолҒЗИ" АҚ ұсынған жоғары нәтижелі ғылыми табыстарды өндіріс барысында есепке алмайды және қолданбайды. Жобалаушы компаниялар бұған дейін қолданылып келген типтік шешімдерге басымдық береді. Бұл шешімдер қосымша дәлелдемелерді қажет етпейді", - деп толықтырады министрліктен.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны