29.08.2024, 12:37 28306

ҚҚА қаржылық пирамиданы басқарды деген күдіктіге халықаралық іздесу жариялады

Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған
ҚҚА қаржылық пирамиданы басқарды деген күдіктіге халықаралық іздесу жариялады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.

Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасы.

Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін "Thefiniko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген.

Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған.

Атап айтқанда, "Thefiniko" компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны