09.10.2024, 16:38 42481

Ақмола облысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алудан заңсыз бас тартқаны үшін жауапқа тартылды

Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептерімен сатып алудан бірқатар бас тартуды жүзеге асырғанын анықтаған, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

 Мысалы, ауданның құрылыс бөлімдерінің бірі объектінің күрделілік деңгейін дұрыс көрсетпеу, бас жоспардың және басқа да құжаттаманың болмауы себебінен мемлекеттік сатып алудан бас тартқан.

Бұл негіздер мемлекеттік сатып алудан бас тарту және одан әрі шарт жасаспау үшін қолданылмайды (Заңның 5-бабы 13-тармағы).

Осылайша, мемлекеттік органдардың аталған заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарын, адал бәсекелестік қағидатын бұзады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.

Облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынғанан.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны