08.10.2024, 17:21 26276

Ақмола облысында заңсыз қоқыс полигондары анықталды

Ақмола облысында заңсыз қоқыс полигондары анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ақмола облысының экологиялық проблемаларының бірі қатты тұрмыстық қалдықтардың заңдастырылған полигондарының болмауы болып табылады.

Облыс аумағында 130 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына арналған жер учаскелері ресімделді, рұқсат құжаттары тек 25-інде ғана бар, бұл жалпы санның 19,2%-ын құрайды, ал елді мекендер саны 617 және әрқайсысы қалдықтар шығарады.

Мәселен, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК АҚ геопорталына мониторинг жүргізу барысында 2023 жылы 789 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орындары анықталып, олардың 631-і жойылды.

Мысалы, ғарыштық суреттерге сәйкес 2023 жылы Көкшетау қаласында 96 рұқсат етілмеген қалдықтарды көму орны анықталды.

Аталған деректер бойынша Красный Яр және Стационарный ауылдық округтерінің әкімдері ӘҚБтК-нің 324-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сол секілді, табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Бурабай, Ақкөл, Зеренді, Астрахан, Егіндікөл, Аршалы, Бұланды, Біржан сал, Қорғалжын аудандары әкімдерінің орынбасарлары және Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда рұқсат етілмеген полигондарды тазарту және экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны