27.11.2023, 13:36 24331

Ақмола облысының мектептерінде он үш педагог жалған дипломдармен жұмыс істеген

Мұндай «маманды» жалған дипломмен жұмысқа орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне теріс әсер етеді
Ақмола облысының мектептерінде он үш педагог жалған дипломдармен жұмыс істеген
Сурет: kursovik.kz
Ақмола облысының мектептерінде он үш педагог жалған дипломдармен жұмыс істеген, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады және қомақты бюджет қаражатын бөледі.

Осы мақсатта, 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді, алайда «мамандар» деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылуда.

Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.

Мәселен, 2021ж. «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқанү

2022ж. мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды).

Айта кету керек, «К» 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмасада балаларды оқытқан.

Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман»пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.  

Жалпы айтқанда, мұндай «маманды» жалған дипломмен жұмысқа орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне теріс әсер етеді және бюджет қаражатын ұрлауға жағдай жасайды.

Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны