08.01.2024, 17:32 26906

АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды

Сот үкімімен жеті кінәлі адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталған болатын. Одан 649 гр. кептірілген марихуана мен 676 гр. гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды.

Сондай-ақ, олардан 705 гр. марихуана мен 1266 гр. гашиш есірткі заттары табылып,тәркіленді.

Сот үкімімен жеті кінәлі адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды.

Құрметті ата-аналар! Сізден балаңыздың қарайтын контентіне, оның мінез-құлқына, денсаулығына, айналасына және сатып алуларына назар аударуыңызды сұраймыз.

Кез-келген түрдегі немесе мөлшердегі есірткі заттары адам денсаулығына, әсіресе жасөспірімдерге орны толмас зиян келтіреді.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны