23.04.2025, 09:41 35456
Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығының директоры сотталды
Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры сотталды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Ақтөбе қаласының № 2 соты "Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры А. Тілмағамбетовке қатысты үкім шығарды.
Ол жеке кәсіпкер А. Кусумовпен келісе отырып, жалған мемлекеттік сатып алу шартын жасасу және жол белгілерін қою бойынша көрінеу орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу арқылы 35 млн теңге иемденгені анықталды.
Бұл ретте, заңнама талаптарын бұза отырып, жұмыстарды сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған.
Бұдан басқа, Тілмағамбетов мердігер ұйымдармен өздерінің кепілдік міндеттемелері шеңберінде орындалуы тиіс жол таңбаларын салу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу арқылы 237 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жұмсаған.
Сот шешімімен Тілмағамбетовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айырылды.
Сол үкіммен оның сыбайласы Кусумов коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.05.2025, 14:19 2356
Ақмола облысында есірткі зертханасын жою кезінде қару мен 150 келі химиялық прекурсорлар тәркіленді
Ақмола облысы прокуратурасының бастамашылығымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 27 мамырда Полиция департаментімен ситетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тінту барысында шамамен 200 грамм синтетикалық есірткі, 150 килограмм химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар, 9 млн теңгеден астам қаражат, сондай-ақ 2 бірлік қару тәркіленді.
42 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы 3-бөлігімен, яғни аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру және сату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Көрсетілген баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды, жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 10:11 3331
Қостанай облысыда заңсыз микроқаржылық қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізілуде
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микроқаржылық қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Күдікті алты жыл бойы тиісті лицензиясыз, "OLX" және "Instagram" мобильді қосымшалары арқылы пайызымен қарыз берумен айналысқан.
Заңсыз әрекеттер заңды түрінде көрсетіліп, онда нақты берілген сомадан әлдеқайда жоғары сандар көрсетілген. Өйткені оған жылдық 100%-ға дейін алдын ала есептелген сыйақылар енгізілген.
Қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында қарыз алушылардың мүлкі кепілдікке қойылған.
🖊 Аталған схема бойынша күдікті жалпы сомасы 556 млн теңгеден асатын 72 мәміле жасаған.
Солардың бірі - Рудный қаласының зейнеткерімен жасалған келісім. Ол күдіктіден емделуге қажет деп 13,2 млн теңге көлемінде қарыз алғаны туралы келісімге отырған. Келісім шарттарына сәйкес, зейнеткер екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңгеден төлеуге міндеттелген.
Алайда, іс жүзінде ол қолына тек 6 млн теңге ғана алған, ал қалған 7,2 млн теңге алдын ала есептелген пайыз ретінде көрсетілген. Қарызды қамтамасыз ету үшін ол өзінің жалғыз пәтерін кепілдікке қоюға мәжбүр болған.
Мұндай ауыр әрі әділетсіз талаптар азаматтар үшін үлкен қауіп тудырады, олар алдану арқылы өз мүлкінен айырылып қалу қаупіне ұшырайды.
🔨 Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 154 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 6 жеке тұрғын үй, 3 автокөлік ("TANK 500", "TOYOTA CAMRY", "MITSUBISHI FIGHTER") бар.
Тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2025, 10:08 3911
Жаңаөзен тұрғынынан 508 кг бекіре балығы тәркіленді
Жаңаөзенде жергілікті тұрғыннан бекіре балығы тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ "Заң мен Тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда. "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 17:40 14721
Құны миллиард теңгелік алаяқтық ісі сотқа жолданды
Прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласының Полиция департаменті айыпталушы мен оның бөліске түскен 12 туыстарына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Айыпталушы мессенджерлерде хат-алмасу чаты арқылы Қытайдың, Өзбекстанның және Ресейдің зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін, сондықтан оның ыдыс-аяқ, жиһаз және үйге арналған басқа да керек-жарақтар бағасы төмен екенін айтқан. Алайда іс жүзінде қылмыстық схеманы жасыру мақсатында Алматы базарларынан өзі шығынға ұшырай отырып тауар сатып алған.
Аталған шығындарды қатысушылар 6 айдан 12 айға дейін күттірте отырып көтерме тапсырыстармен өтеген.
Қатысушылар қымбат автокөліктерді, пәтерлерді, үйлерді, жерлерді, киімдерді, саяхаттарды сатып алуға, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде ақша тігуге қаражат жұмсаған.
Тергеу барысында 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды.
Еліміз бойынша Алматыдан бастап Саран қаласына дейін 4,6 млрд теңге сомасына 290 адам қылмыстың құрбаны болып танылды.
Прокуратура қылмыстық істі сотқа жолдады.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық жауаптылық 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қала прокуратурасы азаматтарды ұқыпты болуға, күмәнді ұсыныстар мен мәмілелерге бармауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2025, 11:07 15566
"Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды
Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы сотталды, деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотымен "Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жарияланды.
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 18:24 28946
Астанада төрт қазақстандық кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге бопсалағаны үшін 10 жылға сотталды
Сот үкімімен кәмелетке толмаған баладан ақшаны қорқытып алғаны үшін төрт адам сотталды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Сотталғандар жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, сөз байласып, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен.
Психологиялық қысым жасап, атыс қаруын көрсете отырып, олар 4 млн теңге көлемінде соманың бір бөлігін алған.
Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғаны құрықталған.
Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденді.
Қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес қорқытып алу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, белгілі бір жағдайларда бұл қылмыс үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
Егер бұл қылмысты көрсетілген жастан кіші адам жасаса, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес оның әрекеттері үшін ата-анасы немесе заңды өкілдері жауап береді.
Елорда прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 18:15 29186
Алматыда жасырын есірткі зертханасы жойылды
Алматы қаласында жасырын есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұсталғандар Алғабас ықшамауданында жеке үйді жалға алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Тінту барысында аса ірі мөлшердегі 5 келіден астам а-PVP есірткі заты тәркіленді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастыру барысында қылмыстық схеманың басқа да қатысушылары анықталып, ұсталды. Олар есірткі дайындаушылар, интернет-ресурс курьері және есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің иесі, яғни ұйымдастырушы. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2025, 18:12 29416
Астанада шетелдіктерден 100 келіден астам мефедрон тәркіленді
ІІМ трансұлттық есірткі тобының қызметіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады. Жедел іс-шаралар нәтижесінде шетелдік азаматтар ұсталды. Олардан 100 келіден астам синтетикалық зат "мефедрон" тәркіленді. "Қара нарықта" бұл партияның құны шамамен 6 миллион АҚШ долларын құрайды. Ол 300 мың бір реттік дозадан тұрады. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.05.2025, 13:19Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатерге тек геосаяси сипат тұрғысынан қарамау керек 29.05.2025, 14:22 4796Қазақстанда егіс науқаны жалғасуда - ауыл шаруашылығы жерлерінің 72,4%-ы егілді29.05.2025, 14:28 4356Алматы әкімі жылыту маусымына инженерлік инфрақұрылымды дайындау барысымен танысты29.05.2025, 14:34 4116Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр29.05.2025, 10:08 3931Жаңаөзен тұрғынынан 508 кг бекіре балығы тәркіленді
23.05.2025, 13:56 122361Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 120821Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 119326Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 118226Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары23.05.2025, 15:26 116486Қазақстанда жыл басынан бері балалардың құқықтарын бұзудың 171 жағдайы анықталды
29.04.2025, 10:54 15930630 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласында сиреналар қосылады29.04.2025, 17:58 159081Алматыда көкөніс бағасы тұрақтандырылуда08.05.2025, 14:24 149606Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 148086"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті08.05.2025, 14:09 146276Ұлттық Банк Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мерейтойлық банкнот шығарады