17.11.2023, 13:40 35566

Ақтау қаласында азаматтарды еңбек құқықтары бұзылған

Ағымдағы жылдың екі айында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген
Ақтау қаласы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесімен "Сенім" медициналық клиникасы" ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың екі айында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген.

Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілген.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы Маңғыстау облысы прокуратура органдарының бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны