15.11.2023, 14:37 12236

Ақтауда тұрғындарды шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп сан соқтырған алаяқ құрықталды

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын - 7,7 млн теңге
Ақтауда "Шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдап, 7,7 млн теңгесін жымқырған күдікті құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы полиция басқармасына бес тұрғыннан арыз келіп түсті.

Олардың айтуынша, Е. есімді азамат олардың шетелдік автокөліктерін заңдастырып беремін деп сенімдеріне кіріп, ақшаларын алып, берген уәдесінде тұрмаған.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын - 7,7 млн теңге. Полиция қызметкерлері 27 жастағы тұлғаны анықтап, ұстады.

Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны