26.12.2023, 11:15 49966

Абай облысында зауыттан 2,2 млн теңгенің кабелін жымқырған күдіктілер анықталды

Арнайы бөлімшенің жедел қызметкерлері 2 ай ішінде ұрлық схемасын ашты
Абай облысында зауыттан 2,2 млн теңгенің кабелін жымқырған күдіктілер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен ірі зауыттарының бірінің 4 жұмысшысын ірі кабель ұрлады деген күдікпен ұстады.

Арнайы бөлімшенің жедел қызметкерлері 2 ай ішінде ұрлық схемасын ашты.

Апта сайын қылмыстық топ зауыт аумағынан 30 метр көлемінде өткізгіш көп сымды мыс өткізгіштерді заңсыз шығарып отырды. Сондай-ақ жұмыс барысында өткізу орны анықталды, металл сынықтарын қабылдау пунктінің бірінің санкцияланған тінту кезінде ұрланған металл тәркіленді.

Кәсіпорынға келтірілген жалпы шығын 2,2 млн теңгені құрады.

Күдіктілер УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны