10.04.2025, 13:54 52716

Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзған жасөспірімге қатысты үкім өзгертілді

Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзған жасөспірімге қатысты үкім өзгертілді
Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзған жасөспірімге қатысты үкім өзгертілді, деп хабарлайды Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған А. абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылған. Оған ҚК-ің 345 бабы 3 бөлігімен 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Көрсетілген іс апелляциалық тәртіпте қаралып, бас бостандығынан айыру жазасы 1 жылға төмендетілген.

Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, кәмелетке толмаған А. автомашинаны басқарып, жол қозғалысы ережесін бұзып, "Nissan Prairie" автокөлігімен соқтығысқан. Оның осы әрекетінің салдарынан "Nissan Prairie" автокөлігінің жолаушылары түрлі дене жарақаттарын алған. Жолаушы С. ауруханада қайтыс болған.

Сотталғанның кінәсі жинақталған және сот отырысында жан-жақты, толық, объективті бағаланып, зерттелген, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін дәлелдемелермен толық бекітілген. Оның қылмыстық әрекеттері ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен дұрыс сараланған.

Алайда, төменгі сатыдағы соттар кәмелетке толмағанға жаза тағайындағанда қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған.

ҚК-нің 81-бабының 7-бөлігіне сəйкес онша ауыр емес қылмыс жасаған кəмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

Осы қылмыстық заңмен кəмелетке толмағандарға онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру тағайындауға тікелей тыйым салынған.

Ал, кәмелетке толмаған А.-нің жасаған әрекеті абайсызда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға және онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

Осыған байланысты сот алқасымен сот актілері өзгертіліп, А-ға ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау орнатылды.

Сотталған дереу қамаудан босатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны