08.04.2025, 10:57 44091

Алматы қаласы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексергені үшін жауаптылыққа тартылды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары бизнесті заңсыз тексергені үшін жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Түрксіб ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексерумен байланысты әкімдіктің лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті.

Қала әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында аудан әкімдіктерінің қызметкерлері өз өкілеттіктерінің шегінен шығып кәсіпкерлерден құжаттарды (тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды) заңсыз негізде ұсынуды талап еткен.

Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді, себебі тексерушілерде бизнестен құжаттаманы талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған.

Тексеру жүргізу тәртібін бұзу фактілері бойынша аудан әкімдері аппараттарының 6 лауазымды тұлғасы ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды (25 материал бойынша 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды).

Бұдан басқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу арқылы) жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта барлық айыппұл қысқартылған тәртіппен төленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны