12.12.2023, 13:00 30446

Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды
Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Depositphotos
Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
 
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды.

Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны