15.08.2024, 13:36 29261

Алматы емханаларының бірінің бухгалтерлері 340 млн теңгеден астам қаражатты қолды қылған

Алматы емханаларының бірінің бухгалтерлері 340 млн теңгеден астам қаражатты қолды қылған
Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметінен.

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаева сотталды.

Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны