09.01.2024, 19:07 42686

Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде
Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны