13.11.2023, 09:21 14701

Алматы облысында медициналық мекеме басшылығы 2 млрд теңгеден астам ақша жымқырған

Алматы облысында медициналық мекеме басшылығы 2 млрд теңгеден астам ақша жымқырған
Алматы облысында аса ірі мөлшерде ұрлық жасады фактісі бойынша тергеу жүргізілді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен. Алматы облысындағы аурухананы басқарған компанияның басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды көрінеу жалған сатып алған.

ҚМА аумақтық Департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдік бойынша тергеу жүргізуде.

Айта кетейік, медициналық мекеме 2020 жылдың қазан айында сенімгерлік басқаруға берілді. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.

Аталған тұлғаларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны