14.11.2023, 16:18 21116

Алматы облысының жүздеген мектептерінде оқушылар порнографиялық және суицидтік сайттарға еркін қол жеткізе алған

заң бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Алматы облысының жүздеген мектептерінде оқушылар порнографиялық және суицидтік сайттарға еркін қол жеткізе алған
Сурет: Depositphotos
Алматы облысының прокурорлары жүргізген талдауда кәмелетке толмағандардың (оқушылардың) білім беру мекемесінің қабырғасында (425 мектептерде, информатика кабинеттерінде) қалауынсыз/тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, деп хабарлайды Gov.kz.

Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға баруы анықталды.

Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға интернетке қол жеткізуді шектегіштер орнатылды.

Сонымен қатар, прокурорлардың талап - арызы бойынша көрсетілген интернет-ресурстарды (саны-8) соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел бойынша шектелген.

Осылайша, бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны