20.09.2024, 12:28 18136

Алматы полициясы қаланың кәріз жүйесіне қалдықтарды төгудің 200-ден астам дерегін тоқтатты

Алматы полициясы қаланың кәріз жүйесіне қалдықтарды төгудің 200-ден астам дерегін тоқтатты
Алматы полициясы қаланың кәріз жүйесіне қалдықтарды төгудің 200-ден астам дерегін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі 2024 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша осындай мәліметтерді ұсынады.

ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (Қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу) талаптарына сәйкес, бұл әрекеттер әкімшілік жауапкершілікке және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Естеріңізге саламыз, қалдықтарды ассенизатор көліктері арнайы рұқсат етілген орынға ағызуы керек. Алайда тәжірибе көрсеткендей, қаладағы кәріз бен су айдындарына қалдық суларды төгетін бейқам азаматтар бар. Ал бұл кәріз желілерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен қоршаған орта үшін орасан зор шығын, бұл біздің болашақ ұрпағымызға өте зиян", - дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны