05.01.2024, 12:09 22441

Алматы полициясы шетелдіктерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады

Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды
Жаңа жыл қарсаңында Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды. Алматы полициясы бұл қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз бес адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, жиған-тергендерін беруді талап еткен. Қылмыскерлердің олжасы 3 миллион теңге және 13 мың доллардан асады.

Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Бұл - 1999, 2001, 2003 жылы туған Алматы облысының бес тұрғыны. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді азамат бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Айтпақшы, ол зардап шеккендермен жұмыс істеген, олардың табысы туралы біледі. Қылмыстық оқиғаның хронологиясын және барлық дайындық процесін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Бұл ретте бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.


Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шетел азаматтары полицияның кәсіби жұмысын ерекше атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны