17.01.2024, 17:24 26661

Алматы әуежайында жалған төлқұжаттары бар үш шетелдік ұсталды

Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды
2024 жылғы 15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

Арнайы техникалық құралдарды қолдана жүргізілген қосымша тексеру олардың жарамсыздығын растады.

Жалған төлқұжаттар алынды.

Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды.

2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды қолданып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын хабарлайды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны