28.04.2025, 17:20 69466

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Алматыда полицейлердің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты. Алматыда полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топтың әрекетін тоқтатты.

Тергеудің мәліметінше, күдіктілер өздерін тәртіп сақшылары ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, жергілікті тұрғынның қолма-қол ақшасы мен көлігін иемденген.

Келтірілген шығын соммасы 12 миллион теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны