16.11.2023, 12:49 33336

Алматыда "Artsport" бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар орын алған

Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілер бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады

Artsport" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде, қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер орын алды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.


Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілер бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген.

Аталған факті бойынша а.ж. 30 мамырында аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

Жекелеген жеткізушілер "Артспорт" жұмыс істеп тұрған кезеңінде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізді, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. (айыппұлдар төленді).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны