25.04.2025, 15:02 89976
Алматыда екі жолаушы такси жүргізушісіне қатысты агрессия танытқаны үшін жауапқа тартылды
Алматыда екі жолаушы такси жүргізушісіне қатысты агрессия танытқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының соттарында биыл сәуір айында такси жүргізушісі В. мен жолаушылар Т. мен К. арасындағы қақтығысқа қатысты екі іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, Т. көліктің артқы орындығында отырып, салонда темекі шегіп отырған. Жүргізушінің ескертуіне ол агрессивті жауап берген - балағат сөздер айтып, жүргізушіні желкеден ұрған. Сот Т.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамаққа алуды және жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, 100 000 теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіруді шешті.
Екінші жолаушы К., көліктің алдындағы орнында отырып, жүргізушімен тағы да қақтығысқа түсіп, балағат сөздер қолданған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен (кішігірім хулигандық) жауапқа тартылды. Сот К.-ға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Екі сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.07.2025, 11:43 51
Абай облысында күдіктіден 100 келіден астам марихуана мен 7 келі гашиш тәркіленді
Абай облысында полицейлер өзге облыстың тұрғынынан 100 келіден астам марихуана мен 7 келіден астам гашиш тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарасора - 2025" және "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Абай облысының полицейлері Алматы облысының 33 жастағы тұрғынының тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған төрт қап пен ұнтақ тәріздес жасыл түсті зат салынған полимерлік пакет тапты.
Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар - жалпы салмағы 105 келіден астам кептірілген марихуана және 7 келіден астам гашиш екені анықталды.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, жабайы қарасораны өзі жинап, кептіріп, кейін сату мақсатында сақтағанын айтты.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша кешенді шараларды жалғастыруда және азаматтарды мұндай деректер туралы "102" нөміріне хабарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 17:31 8971
27 млн теңге шығын: Ұлытау облысында қаржылық пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды
Ұлытау облысында қаржылық пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жезқазған қалалық соты қаржылық пирамидасымен байланысты қызметті ұйымдастырып, 22 азаматқа жалпы сомасы 27 млн теңгеге шығын келтірген үшін қала тұрғынын кінәлі деп таныды.
2024 жылдың наурыз мен желтоқсан айлар аралығында ол компания кеңсесінде кездесулер өткізіп, жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар құрумен және "Telegram" мессенджері арқылы үгіт материалдарын таратумен айналысқан.
Аталған қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонустар алу сылтауымен жүйеге тартуға бағытталған.
Сот үкімімен кінәлі адамға 5 жыл бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарға қырағы болуды, компаниялардың қаржылық қызметін және олардың тиісті лицензияларының болуын тексеруді, сондай-ақ қаржылық пирамидаларының белгілері бар схемаларға қатыспауды ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 11:39 12866
Таразда түзеу мекемесіне есірткі алып кірмек болған күдікті ұсталды
Таразда түзеу мекемесіне есірткі алып кірмек болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің сарбаздары темір торға есірткі өткізу әрекетіне тосқауыл қойды.
Оқиға №59 түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған.
Келушілерді тексеру кезінде аға нұсқаушы Нұрбахыт Есенгелдиевтің қарауындағы Зара қызметтік иті күдікті иісті сезген. Төрт аяқты сақшы ішінде есірткі оралған бумалары бар аяқ киімді нұсқап, нақты белгі береді.
Әскери қызметшілер болған жағдай туралы кезекші бөлімге жедел баяндады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұландық жауынгерлердің кәсібилігінің арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды.
Күдікті ұсталып, мән-жайды одан әрі анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 10:15 13521
Түркістан облысында қылмыстық топ жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.
Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.
Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.
Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды.
Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2025, 09:19 24931
Қытайдан Қазақстанға контрабандалық жолмен тауар әкелгендерге қатысты айыптау үкімі шығарылды
Іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды
Алматы қаласында Қытайдан Қазақстанға, халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазу дерегі бойынша қылмыстық іске айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тергеді.
Тергеу барысында "Group of the Companies TDA" ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, Қытайдан 100-ден астам контейнерді заңсыз жолмен елімізге кіргізгені анықталды.
Сонымен қатар, олардың бақылауындағы 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жалған шот-фактуралар жазылған.
Мемлекетке келтірілген залал (қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және кедендік төлемдер бойынша) 10 млрд теңгені құрады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды.
Сот санкциясымен: жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке (жер телімдері, автокөліктер, багги көліктері, жылжымалы шатырлар және т.б.) шектеу қойылды.
Бұған қоса, аталған компаниямен байланыста болған 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғалар мүлкін тәркілей отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 18:49 58261
Есірткі жарнамасын таратқан әйел сотталды
Астанада 28 жастағы әйел есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын жарнамалаумен айналысты, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ол қаладағы көпшілік пайдаланатын орындарға: көше бағандарына, жол белгілеріне, сыртқы кондиционерлерге, кіреберіс есіктеріне, шлагбаумдарға және басқа да көзге көрінетін жерлерге QR-коды бар стикерлерді жапсырған.
Сотталған фотосалоннан тыйым салынған заттар сатылатын интернет-платформаға апаратын әрқайсысында 4 QR-код жасырылған 116 стикер басып шығарған.
Аталған заңсыз әрекеттер қала бойынша орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлерімен анықталды.
Мемлекеттік айыптаушымен сотқа оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылды.
Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 14:16 60776
Қазақстанда жарты жыл ішінде есірткіге қатысты 4 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталған
Ішкі істер органдары "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша есірткі қылмыстарын анықтау мен жолын кесуді жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл алты айда 4000-ға жуық есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелді, оның 1800-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде екеуі трансұлттық сипатта. 11 көшбасшы және 43 қатысушы ұсталды.
Заңсыз айналымнан алты тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Мұның ішінде тәркіленген синтетиканың көлемі екі есеге өсіп, 570 кг құрады. 103 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды.
Есірткі заттарын егудің 218 фактісі және 63 контранбанда фактісі анықталды. Жастар арасында танымал есірткі сайттарын бұғаттау үш есеге артты. Олардың саны 17 мыңнан асады.
Сонымен қатар күмәнді операцияларға қатысы бар 24 мың шот бұғатталды, оларда 2,4 млрд теңге жинақталған.
Есірткі профилактикасы ерекше назарда.
11 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізіліп, оған бір миллион жастар мен жасөспірімдер қатысты.
Есірткі қылмысына қарсы күрес қоғамдық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақты қорғау мақсатында күшейтілген тәртіпте жалғасатын болады", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.07.2025, 13:24 61326
Ресейден Қазақстанға 13 мың вейп тасымалдамақ болғандар құрықталды
ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Шекара қызметімен бірлесіп вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Жайсан-автомобиль" шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.
Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды:
- 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);
- 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;
- 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.
Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.07.2025, 13:19Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде 18.07.2025, 14:12 87106Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды18.07.2025, 18:47 828262025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды18.07.2025, 18:44 82501Қазақстанда суды тазартуға арналған мембраналардың отандық өндірісі құрылды18.07.2025, 18:40 82276Қазақстан президенті жаңа Салық кодексіне қол қойды
04.07.2025, 19:14 139961Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 139791Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 137086"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130616Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 129086Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді