08.04.2025, 15:49 66681

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді: 50 келіден астам гашиш және 700 грамм мефедрон

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді: 50 келіден астам гашиш және 700 грамм мефедрон
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күдікті азаматты ұстады. Ер адамнан ірі көлемде есірткі және психотроптық заттар тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамды жеке тінту барысында ішінде ұнтақ заты бар байламдар табылды, ал оның тұрғылықты жерін тінту кезінде одан да көп мөлшердегі есірткі, орауыш материалдар, электронды таразылар, шыны колбалар және басқа да құрылғылар табылды.

Сот сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 50,2 келіні құрайтын гашиш есірткі заты, сондай-ақ жалпы салмағы 700 грамм болатын мефедронның аналогы.

Бұл биылғы жылы тәркіленген ең ірі партияның бірі. Алматы полициясы есірткі тарату арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Біз тарату желісін құру әрекетін қадағалап отырамыз. Әрбір дерек бойынша кідіріссіз шаралар қабылданып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен тіркелді.


Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны