12.01.2024, 09:58 43696

Алматыда метро салу кезінде 5 млрд теңге жымқыру туралы іс сотқа жолданды

Алматыда метро салу кезінде 5 млрд теңге жымқыру туралы іс сотқа жолданды
Прокуратура өткен жылы "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша тергеуді аяқтап, іс сотқа жолданды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғалары мен басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды", - деп мәлім етті прокуратурадан.



 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны