03.04.2025, 10:04 46606

Алматыда пәтер ұрыларының қылмыстық тобы ұсталды

Алматыда пәтер ұрыларының қылмыстық тобы ұсталды
Алматыда пәтер ұрыларының қылмыстық тобы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Алматы облысының үш тұрғынының қаладағы пәтер ұрлығының кемінде бес эпизодына қатысы бар екендігі белгілі болды. Олар соңғы қылмысын пәтерлердің бірінде жасаған, сол кезде пәтер иесі күтпеген жерден келіп қалған. Қаскөйлер оның бетіне бұрыш спрейін шашып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ұсталғандардың екеуі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір үшеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, жедел іс-шаралар жалғасуда", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.


Тәртіп сақшылары ұсталғандардың қаладағы пәтер ұрлығының басқа да оқиғаларына қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны