17.10.2024, 20:04 1341

Алматыда пирамида қаржысын ұйымдастырушыларға үкім шығарылды

Алматыда пирамида қаржысын ұйымдастырушыларға үкім шығарылды
Алматыда "HitBeatMusic" қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.

Алаяқтар өздерін канадалық компанияның акционері және иесі ретінде таныстырып, музыкалық инвестициялық жоба қызметіне іс жүзінде қатысы жоқ компанияның акцияларын сатумен айналысқан.

Осылайша, салымшылардың қаражатын тартып, енгізілген соманың 10-нан 15% - на дейін пайдасын уәде етті.

Келтірілген залал сомасы 255 млн теңгені құрайды.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілерге талдау жасайды.

Ағымдағы жылы қаржы пирамидаларының белгілері бар 10,5 мыңнан аса сайт сілтемелері бұғатталды.

WhatsApp", "Telegram" және "Instagram" - да 292 чат бұғатталған.


Осылайша, 2 млн астам әлеуетті салымшылардың қаржылық шығындарының алдын алды.

Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы


жүзеге асырыла бастағаннан бері

Qnet", "World Business Consulting", "Finiko" "Antares"/"Antares Trade", "Sincere Systems Group"/"S-Group", "Hermes LTD", "Life is good", "Chia Tai Tianding"/"Chia Tai Pharmaceutical" "Energy Eolus Oazqstan"/"Eolus"


 сияқты елде жұмыс істейтін қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны