16.10.2024, 14:43 42776

Алматыдағы сауда үйлерінің бірінен бес мың вейп тәркіленді

Алматыдағы сауда үйлерінің бірінен бес мың вейп тәркіленді
Алматыдағы сауда үйлерінің бірінен бес мың вейп тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз саудамен айналысқан 42 жастағы әйел ұсталды. Жетісу ауданындағы сауда үйлерінің бірінде ол Қазақстанда айналымына тыйым салынған электронды темекілерді сатқан.

Осы жылдың 20 маусымында вейптерді сатуға тыйым салатын заң күшіне енгенін еске саламыз. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі бұйымдарын, электронды тұтыну жүйелерін (вейп), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату) толықтырылды. Шылым шегуге болмайтын темекі өнімдерінің, оның ішінде электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды қоса алғанда, олардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылуы азаматтардың денсаулығын темекінің жаңа түрлерінің және құрамында никотин бар өнімдердің зиянды әсерінен қорғау күшейтілген мемлекеттік саясатты көрсетеді. Сондай-ақ халық арасында, әсіресе жастар арасында ықтимал қауіпті заттардың таралуына байланысты тәуелділікті азайту", - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны