25.04.2025, 12:53 76671
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды
Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 сәуір күні сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзу дерегі анықталды.
Toyota көлігінің жүргізушісі жыпылықтайтын шамдары қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермеген.
Жүргізуші әйел жауапкершілікке тартылды.
Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция ескертеді: жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі. Жолдағы өзін-өзі ұстау мәдениеті - қаладағы қауіпсіздіктің негізі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.07.2025, 18:58 1016
Қазақстандықтар Ansar Gold қаржы пирамидасына 400 млн теңгеден астам қаржы салған
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Ansar Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40-60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.
Алайда, іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 млн теңгеден астам қаражат салынған.
Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын "дроп" ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 18:55 1246
Ақтау қаласында мүгедектігі бар екі адамды қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды
Қайыр сұраумен байланысты "отбасылық бизнес" бас бостандығынан айыруға әкеп соқты, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Ақтау қалалық сотының үкімімен ҚК-тің 126 (бас бостандығынан заңсыз айыру) және 128 (адамды қанау) баптары бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін үш тұлға сотталды.
2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейінгі кезеңде сотталғандар Ақтау қаласында мүгедектігі бар екі адамды күштеп ұстап, оларды пайда табу мақсатында пайдаланып, қоғамдық орындарда қайыр сұрауға мәжбүрлеген.
Аяғы жоқ екі жәбірленушіні Қарағанды қаласынан алдап алып, әуелі Семей қаласында қайыр сұрауға мәжбүрлеген, кейін Ақтау қаласына әкеліп, жергілікті базарларда пайдаланған, ал тапқан ақшаларын сотталғандар өздеріне алып тұрған.
Осы уақыт бойы жәбірленушілер, соның ішінде қашуға әрекеттенгені үшін, қорқытуға, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады.
Тек 2024 жылдың наурыз айында олардың бірі полицияға хабарласа алды, бұл қылмыстық схеманы ашуға мүмкіндік берді.
Сотталушы ретінде 50-жастағы әйел мен оның екі ұлы тартылғанын айта кету керек.
Отбасылық бизнестің" үш қатысушысы да 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 14:43 1741
Алматыдағы кедендегі ҰҚТ мемлекетке 33 млрд теңге шығын келтірген
Алматы прокуратурасы қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу, сондай-ақ нақты орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің және тиелмеген тауарлардың шот-фактураларын жазып беру фактілері анықталды.
Жиналған материалдар бойынша бірқатар қылмыстық істер тіркелген, онда "кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар" компанияларының басшылары күдікті ретінде өткен.
Құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асыру кезеңінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 33 миллиард теңгеден асты.
Сот үкіміне сәйкес айыпталушылар Қылмыстық кодексінің 216, 234-баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Кінәлі адамдарға мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленіп, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның әртүрлі мерзімдері тағайындалды.
Апелляциялық саты үкімді күшінде қалдырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 10:05 5831
Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды
Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Ол 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында "Wildberries" компаниясына инвестиция салу сылтауымен және сыйақы уәде етіп, алты азаматты алдап, олардың ақшалай қаражатын иемденген. Салдарынан жәбірленушілерге ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған.
Ол а.ж. сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 09:39 6156
Ақтөбеде кепілге алу және кісі өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды
Ақтөбеде бұрынғы азаматтық жұбайын кепілге алып, зейнеткер ата-анасын өлтірген жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Ақтөбе сотының баспасөз қызметінн.
Сот бұрынғы азаматтық жұбайын кепілге алды және қарт ата-анасын өлтірді деп айыпталған 38 жастағы ақтөбелік адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды.
2025 жылдың қаңтар айында күдікті бұрынғы араздықты себеп қылып, кек алу ниетімен жәбірленушінің үйіндегі жазғы ас үйіне заңсыз кіріп, оны күтіп отырады.
Күдікті сарайға жәбірленушінің анасын кіргенін көріп, оның қарт жасына қарамастан, кенеттен шабуыл жасап, өмірлік маңызды органдарына бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақаттар салған. Салдарынан анасы оқиға орнында қаза тапқан.
Анасының жоқ екенін байқаған жәбірленуші жазғы ас үйіне барады. Сол жерде күдікті оны ұстап алып, қолын, аяғын және аузын жабысқақ таспамен байлап, қарым-қатынасты анықтау сылтауымен пышақпен соққы жасайған.
Кейін сарайға жәбірленушінің өгей әкесі келіп, оған да дереу шабуыл жасап, пышақпен және балтамен жарақаттайды. Салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Полицияны қаза тапқандардың немересі шақырды.
Үш сағаттық келіссөздерден кейін қауіпсіздік қызметкерлері шабуылға шығып, күдіктіні ұстаған.
Тергеу барысында жәбірленуші онымен үйленуден бас тартқаны үшін жанжал басталғаны анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:29 14576
Алматыда бұрынғы шенеуніктер аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен қамауға алынды
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ және "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара алу және беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.
Тергеу барысында "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеуге қажетті ақпараттық қызметтер көрсету кезінде өз мүдделерін өткізу мақсатында "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар бергені анықталды.
2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында кезекті 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі пара беру кезінде ұсталғандар:
Р. Омаров - "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС-нің бас директоры,
А. Сарбасов - "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы, бұған дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі қызметін атқарған;
Д. Арғандыков - "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның бұрынғы басшысы, бұрын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.
Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында 370 мың АҚШ доллары және 4,5 млн теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.
2025 жылғы 30 маусымда сот санкциясымен А.Сарбасовқа, Р. Омаровқа және Д.Арғандыковқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:22 14901
Жамбыл облысында шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықталды
Сарысу ауданының прокуратурасы 38,1 млн теңге көлеміндегі шаруа қожалықтарын сумен қамтуға арналған субсидия қаражаттың жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасымен субсидияланған аудандағы 8 шаруашылықта бұрғыланған құдықтардың тереңдігі жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген параметрлерге сәйкес келмейтіні анықталды.
2025 жылғы 30 сәуірде аталған дерек бойынша ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.07.2025, 17:07 23291
Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды /
Қарағандылық зейнеткерден 22 млн теңге жымқырған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірлесіп, интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті қылмыстың бетін ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласында көрші елдің екі азаматы қолға түсті.
Олар 77 жастағы Қарағанды тұрғынын алдап, 22 миллион теңгесін иемденген деген күдікке ілінді. Алаяқтар өздерін банк қауіпсіздік қызметінің өкілі ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалып, жинақтарын "қорғау" қажет деген сылтаумен бар қаражатын өз еркімен беруге көндірген. Әйел бастапқыда өзіне алаяқтық жасалғанына сенбеген, тек полицейлермен ұзақ әңгімелескеннен кейін ғана қылмыстың құрбаны болғанын түсінген. Тінту барысында күдіктілерден жалпы сомасы 22 миллион теңге тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция ескертеді! Жеке және банк деректеріңізді бөгде адамдарға жария етпеңіз. Телефон арқылы келген нұсқаулар бойынша ешқашан ақша аудармаңыз. Есіңізде болсын — ешбір банк не полиция қызметкері сізден телефон арқылы ақша талап етпейді және құпия ақпарат жинамайды. Күмәнді қоңырау немесе хабарлама алған жағдайда бірден "102" нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.07.2025, 10:01Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды 04.07.2025, 09:39 6156Ақтөбеде кепілге алу және кісі өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды04.07.2025, 10:05 5831Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды04.07.2025, 09:32 4321Қытайлық инвестор құны 600 млн АҚШ доллары тұратын қайта өңдеу зауыттарын салуды жоспарлап отыр04.07.2025, 14:41 2966Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
27.06.2025, 17:56 107556Үйлер, пәтерлер, қымбат автокөліктер мен ақша: Қазақстанға 1,15 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды27.06.2025, 18:05 107161Минскідегі ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады27.06.2025, 11:50 97031Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 11:48 96316Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты27.06.2025, 09:32 95741Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін 1 млрд теңге бөлінді
04.06.2025, 14:09 150971Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 136296Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 134961Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты13.06.2025, 15:35 1267512025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды13.06.2025, 15:21 126016Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды